Парацетамол дауы. Перизаттың шағымы. Палестина ертеңі / аптаға шолу
Украина мен Ресей президенттері арасындағы келіссөз Қазақстанда өтуі мүмкін. Киев Мәскеуге Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей басшысы Владимир Путиннің кездесуін Қазақстанда өткізуді де ұсынған. Бұл туралы Владимир Зеленский америкалық телеарнаның біріне берген сұқбатында айтқан. Ұлыбритания, Франция, Канада және басқа да бірқатар Батыс елдері Палестина мемлекетін мойындады. Олар мұны Израиль мен Палестинаның қауіпсіз де бейбіт болашағына бастайтын қадам деп сипаттайды. Ал, Израиль билігі бұған түбегейлі қарсы. Қазақстанда алғаш рет сталкинг үшін сот үкімі шықты. Жаңа заң бойынша жауапқа тартылған алғашқы азамат – атыраулық тұрғын. Тайм-код: 00:00 – Зеленский Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін ашық айтты 01:00 – Тоқаев: «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі реформаланбаса, әлемді хаос күтіп тұр» 02:30 – Әлемнің 157 елі Палестина мемлекетін мойындады 08:30 – Қазақстан мектептерінде ЖИ пәні ресми түрде енгізілді 13:00 – Делдалдарға 350 млн теңге айыппұл салынып, астық тасымалы қатаң бақылауға алынды 14:30 – Трамп: «Жүкті әйел парацетамол ішсе, баласы аутист болуы мүмкін» 16:00 – Перизат Қайрат пен анасына шыққан үкім өзгеріссіз қалды 17:00 – Қазақстанда алғаш рет «сталкинг» жасаған ер адам сотталды 18:00 – «Қайрат» пен «Реал» матчының билеттері 41 минутта түгел сатылып кетті