Байсыз әйел – бақытсыз ба? Стереотиптерді талқандаймыз, Назгүл Қожабекпен
Байсыз әйел бақытсыз ба? Бұл сұрақты естігенде, әркімнің ойына әртүрлі жауап келеді. Біреу – «ия» дейді, біреу – «жоқ» дейді. Бірақ шындығында, қоғамда жалғызбасты әйелге қатысты қалыптасқан көзқарастар мен стереотиптер әлі де күшті. Бүгінгі кейіпкеріміз — филолог, аудармашы, тіл жанашыры, «Калькасыз қазақша» телеграм арнасының авторы Назгүл Қожабек. Тілі ащы, көзі қырағы редактор ретінде ол әлеуметтік желідегі қателерді атын атамай-ақ тауып, жұртқа көрсетеді. Сонымен қатар, ол үш баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ана. Оның жазбаларының елеулі бөлігі әйел тағдырына, бала тәрбиесіне, гендер теңдігіне арналған. Бұл сұхбатта біз екеуміздің де ортақ тағдырымызды — жалғызбасты аналардың өмірін — ашық талқыладық. Әйел бақыты неде? Қоғам бізді қалай көреді? Жеке өмір, бала тәрбиесі, қаржылық тәуелсіздік, ішкі күш пен бақыт туралы не айтамыз?
Смотрите также

