Артиллеристер жеке құрамы «Ұлттық спорт» күніне орай,10 шақырым қашықтықта жүгіріп өтті.
Наурызнама онкүндігі аясында Сарыөзек гарнизонында орналасқан 29108 әскери бөлімінің жеке құрамдары «Ұлттық спорт» күніне орай, салтанатты сапқа тұрып 10 шақырым қашықтықта жүгіріп өтті. Ұлттық спорт ол – ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылықтарының бірі. Олар тек дене шынықтыру құралы ғана емес, сонымен қатар батылдық, ептілік, төзімділік пен ұйымшылдықты қалыптастырады.