ҰҚК НЕГЕ ЖҮНІСБЕКОВТІҢ ӨЗІН ҒАНА ҰСТАДЫ, ЖЕР САТҚАН СЫБАЙЛАСТАРЫ ЖАЗАСЫЗ ҚАЛА МА?
Жүйе подкастының жаңа шығарылымында – Шымкент тұрғыны Жамиля ханымның басынан өткен шым-шытырық оқиғасы ұсынылады! Жер телімі үшін Шымкент әкімдігіндегі шенеунік Жүнісбековпен келісіп, қыруар қаржысын салып, көлігін рәсімдеген кейіпкеріміз аяқ астынан қоқан-лоқыға тап болды. Жүнісбеков бастаған қылмыстық топ оны қалай алдады? Полиция неге қылмыскерді ақтап алуға тырысып жүр? Ал прокуратура қарапайым халықтың арызын неге елемейді? Бұл шығарылым – нағыз экшн! ҰҚК қолға түсірген Жүнісбековтің заңсыздықтары, оның туыстарының атына рәсімделген гектарлаған жерлер жайлы ең шынайы деректерді Жамиля ханымның өз аузынан естисіздер. Әділдік үшін бірге үн қосайық!