ОРАМАЛ СЕНІМГЕ КІРУДІҢ АМАЛЫ ҒАНА МА? ҰЛТАРАЗДЫҢДЫ ҮДЕТІП ЖҮРГЕН ЖЕТЕСІЗДЕР.
Армысыз көрермен! «Ел не демейді?» хабарында әдеттегідей аптаның айшықты оқиғаларын назарларыңызға ұсындық. Әлеуметтік желідегі жаңа құбылыс — танымал блогерлердің орамалын шешу тренді. Бұл — жеке таңдау ма, әлде хайп па? Азғындарды қалай тоқтатамыз? Өткен аптада жыныстық сипаттағы бірнеше оқиға қазақстандықтардың жағасын ұстатты. Түркістан облысында 15 жастағы жеткіншек 71 жастағы туысқанынан бала туды. Күдікті тағылған қылмысын толық мойындады. Бурабайда бұрынғы полицей сыбайласымен бірге 12-дегі баланы жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Оқу-ағарту, денсаулықсақтау министрлері не дейді? Бокс әлемінің жұлдызы Дмитрий Бивол мен оның бұрынғы жұбайы арасындағы дау ұлт намысына тиіп отыр. Екатерина Бивол қырғыздар мен қазақтарды балағаттады. Қазақстан ІІМ әрекет ете ме? Ал студияда — жасанды интеллект тақырыбы: Үкімет отырысына қатысқан SKAI жүйесі, QazCloud маманы Роза Нусупованың пікірі және ЖИ-дің адамды алмастыру қаупі. Қоғамдағы ең ауыр және өзекті оқиғалар — шындық пен эмоция араласқан жаңа шығарылымда. Пікір жазып, лайк басып, кері байланыс беруді ұмытпағайсыз)