Қайынағаларыма әмеңгерлік жолмен тиемін дедім
Белгілі дәстүрлі әнші Гүлшат Тәкежанова «Адырна» порталына берген бұл сұхбатында отыз жасында (2006 жылы 12 наурызда) кенеттен өмірі қиылған, жастай сүйіп қосылған жан жары, «Серпер» ансамблін құрып, өнерде танымал бола бастаған, Қайрат Байбосынывтың шәкірті, мәдениет қайраткері әнші Биғазы Тұтқабеков жайлы тоқталады. Биыл туғанына 50 жыл толған әншінің өнерсүйер қауым арасында, өзінің туған жерінде елеусіз қалып жатқанына өкінішін білдіреді. Бұл сұхбатта өмірде тәжірибесі болмаған, шиеттей үш баламен жесір қалған жас әйелдің қиын тағдыры, қиындыққа мойымай, өмірде табандылықпен өз жолын таба білгені, ата жолдан айнымай, бабалар дәстүрін ұстануы, ұл-қызын қатардан кем қылмай өсіргені, еңсе түскенде өзін өзі қайрап, жеңіске жетуі және т.т. намыс пен жігерге толы адами қырлары туралы әңгіме айтылады. #Дәстүрлі әншілер #БиғазыТұтқабеков#ГүлшатТәкежанова#ҚайратБайбосынов #Құрманғазыатындағыконсерватория#Ұлытауәншілері