ШЕРЗАТ ІСІ - ТӘЖІРИБЕМДЕГІ ЕҢ АУЫР ІС / ДАНА СӘРСЕНБАЙМЕН ЭКСКЛЮЗИВТІ СҰХБАТ
Қоғамда резонанс тудырған Шерзат ісі бойынша сот үкімі оқылып, қылмыскерлерге жаза тағайындалды. Ал осы іске мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысқан прокурор Дана Сәрсенбайдың есімі жиі аталып, БАҚ беттерінде жиі жариялана бастады. Тіпті, оны көпшілік әділетті прокурор ретінде мойындап, кейбір ата-аналар балаларын Дана секілді батыл, әділ болуға тәрбиелегісі келетінін айтуда. Бұл бір жағынан азаматтардың ашық сот отырысын қолдауы болса, екінші жағынан мемлекетіміздегі құқық қорғау органдарына деген риясыз қызығушылық десе те болады. Аталған резонансты істен соң, араға біраз ай салып, прокурор Дана Сәрсенбайдың алғашқы эксклюзив сұхбаты шықты. Сұхбатта прокурордың қауырт қызметінен бөлек, жеке өмірі, қызмет жолы, ауыр істерді атқаруы сынды маңызды мәселелер ашық айтылды. Әрі прокурор қызметінің көпшілік біле бермейтін тұстары да жарияланды. Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Кемелұлы ашық сот, әрі құқық қорғау мамандарының қоғаммен тығыз байланысы халықтың заң тұрғысынан сауатын оятатынын атап өтіп, құзіретті орган өкілдері халыққа барынша жақын болсын деп пәрмен берген еді. Содан бері біраз резонансты іс, айыпталушылардың қылмысы ашық айтылып, тікелей эфирде көрсетіле бастады. Бұл сұхбатта да төртінші билік өкілдеріне берілген құқық аясында ашық айтылған тақырыптар бар. Толық нұсқасын Youtube-арнамыздан көре аласыздар. Дисклеймер: Бұл сұхбатта прокурор Дана Сәрсенбай аяқталған қылмыстық іс бойынша ашық деректер мен өз кәсіби тәжірибесі аясында пікір білдірді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201 бабының 1 және 2 бөліктеріне сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің немесе сот талқылауының мүддесіне нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтер жария етілмейді. Сол себепті спикерге істің егжей-тегжейіне қатысты ашық сұрақтар қойылған жоқ. 00:00 - АҢДАТПА 00:03 - ОНДАЙ СҰРАҚ ҚОЙМАҢЫЗ 00:31 - ДАНААҒА ЖИІ ҚЫСЫМ КӨРСЕТІЛЕ МЕ? 1:33 - ЖЕКЕ ӨМІРІҢІЗГЕ ДЕ ЖІТІ ТОҚТАЛАМЫЗ 1:45 - ДАНАНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЖОЛЫ ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ? 4:03 - ЖАС МАМАНҒА ТҮРЛІ ҚИЫНДЫҚТАР КЕЗДЕСЕДІ 4:27 - ШЕРЗАТ БОЛАТ ІСІНДЕГІ ҮКІМ ҚАЛАЙ ШЫҚТЫ? 5:29 - СОТТАЛУШЫЛАРҒА ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ ОҢАЙ ЕМЕС 7:29 - ШЕРЗАТ ІСІ МЕНІҢ ҚЫЗМЕТІМДЕГІ ЕҢ АУЫР ІС 10:29 - МЕН БӘРІНЕ ІШТЕЙ ДАЙЫН БОЛДЫМ 13:29 - ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ НЕШЕТҮРЛІНІ ЖАЗАДЫ 15:12- ДАНАҒА ҚЫСЫМ ЖАСАЛДЫ МА? 17:12- ДАНА КЕРЕК КЕЗДЕ СУЫҚҚАНДЫЛЫҚ КӨРСЕТЕ АЛА МА? 20:10 - ҚЫЗЫМ ПРОКУРОР БОЛСЫН ДЕГЕН АТА-АНАЛАР НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК? 24:21 - ДАНАНЫҢ ТАНЫМАЛ БОЛЫП КЕТУІ ТЕК ОСЫ ШЕРЗАТ ІСІМЕН ҒАНА БАЙЛАНЫСТЫ МА? 25:05 - ҚОҒАМНЫҢ НАЗАРЫН АУДАРУ ҮШІН СОТҚА ДАНАНЫ ҚАТЫСТЫРДЫ МА? 28:08 - ӘДІЛЕТСІЗ ПРОКУРОРЛАР ДА БАР 31:31 - ДАНАНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ОТБАСЫ ҚАЛАЙ ҚАРАЙДЫ? 33:33 - ДАНА КӨП ӘДІЛЕТСІЗДІККЕ ТАП БОЛДЫ МА? 36:11 - БОЛАШАҚТА БАСҚА ҚАЛАҒА АУЫСУЫМ МҮМКІН 38:43 - ДАНА ҚАСҚЫР МАМАН БА? 40:45 - АШЫҚ СОТ ОТЫРЫСТАРЫ ҚОҒАМНЫҢ САУАТЫН АШАДЫ 40:17 - ПРОКУРОРЛАР НЕ БІТІРЕДІ? 46:23 - БІЗ БАСҚА ҚАЛАҒА ШЫҚСАҚ ТА ПРОТОКОЛ АРҚЫЛЫ ЖҮРЕМІЗ 48:25 - АДАМ ӨЛТІРЕТІНДЕРДІ БІР ҚАРАП ТАНУ МҮМКІН ЕМЕС 51:25 - БІЗ ДЕ АДАМБЫЗ 53:44 - ДАНАНЫҢ МАСКАСЫ ШЕШІЛДІ 55:00 - БҰЛ МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ СҰХБАТЫМ 55:46 - СӨЗ СОҢЫНДА АЙТАРЫМ 56:28 - МЫНА ЖЕРІН ӨШІРЕ САЛЫҢЫЗШЫ #ДанаСәрсенбай #ШерзатІсі #ПрокурорДанаСәрсенбай #Әділдік #Әділет #Сот #Қылмыс #ҚоғамдықРезонанс #ҚұқықҚорғау #ҚазақстанЖаңалықтары #Заң #СотЗалы #ҚылмыстықІс #СотҮкімі #ӘділеттіПрокурор #ШерзатІсіСот #РезонанстықІс #АшықСот #СотРеформасы #Прокуратура #ҚРПрокуратурасы #ҚРЗаңдары #ҚұқықтықСауат #Қоғам #ЖурналистікЗерттеу #ЭксклюзивСұхбат #Шындық #YouTubeKZ #ЖаңалықтарKZ