G
enby!

Қазақстанда тұрғын үйді міндетті түрде сақтандыру енгізіледі | Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда тұрғын үйді табиғи апаттардан сақтандыру міндетті түрде енгізіледі. Бұл жөнінде қаржы нарығын реттеу агенттігі алдын ала мәлімет ұсынды. Сақтандыру төлемі жылына 0,5–5 айлық есептік көрсеткіш аралығында — шамамен 1 000–20 000 теңге болады. Бұл төлемдер апатқа ұшырау қаупіне қарай аймақтар бойынша түзетіледі. Өтініштерді қабылдау және төлемдерді ұйымдастыру үшін агенттік жанында мемлекеттік сақтандыру операторы құрылмақ. Алғашқыда берілетін жәрдем — төленген сыйақыдан 500 есе көп болады. Мысалы, 1 000 тг төлесең – 500 000 теңге, ал 20 000 тг төлесең – 10 млн теңге аласыз. Кейін қаржы жиналған сайын жөндеу немесе жаңа тұрғын үй сатып алу шығындары да өтелетін болады. Бұл сақтандыру – халыққа ауыр салмақ салмайды, себебі төлемдер қажеттілік деңгейіне қарай дифференцияланатын болады. Осыған байланысты үкімет сақтандыруды 2026 жылдан бастап, алдымен апатты аймақтарда енгізуді жоспарлап отыр.    • APTA AINASY | DIGEST | 17.08.2025      • Жаңалықтар   Наши социальные сети: Telegram Qaz - t.me/atamekenbusiness_qaz Telegram Rus - t.me/atamekenbusiness Telegram Sport - t.me/atamekenbusiness_sport Telegram Auto - t.me/atamekenbusiness_auto Telegram Silk Way - t.me/atamekenbusiness_silkway Instagram -   / atameken.business   Instagram -   / inbusinesskz   Facebook -   / atamekentv.kz   Facebook -   / inbusiness.kz   Tik-Tok -   / atamekenbusiness   «Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv
Cайт - https://inbusiness.kz
#AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана #digest #қазақстанжаңалықтары #atamekenbusiness #новости

Смотрите также