G
enby!

БҚО-дағы ірі кен орнына қатысты келісімде Қазақстан қандай қателік жіберді?

Қарашығанақ жобасы бойынша ҚР үкіметі мен халықаралық консорциум арасындағы өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге (FPSA) 1997 жылы қол қойылды. Келісім мерзімі – 40 жыл. Оған дейін, яғни 1992 жылы Қарашығанақ кен орнын бірлесіп игеру бойынша өнімді бөлу туралы алғашқы уақытша келісім (Interim PSA) жасалды. Инженер-мұнайшы, геолог Балтабек Махуов – осы тарихи сәттің куәсі. Қазақстанның жұмыс тобында инвесторлармен кездесуге қатысты. Мұнайшы Sarapshy.info агенттігіне берген сұхбатында алғашқы келісімде инвесторлар мүддесі басым болғанын, мемлекет шенеуніктері қандай қателіктер жібергенін әңгімелейді. Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны БҚО-ның Бөрлі ауданында орналасқан. Оның операторы – Karachaganak Petroleum Operating B.V. 2024 жылы ҚПО 10,93 млн тонна мұнайды экспортқа шығарды. Қазіргі уақытта ҚПО консорциумындағы компаниялар үлесі мынадай: ENI (Италия) — 29.25 % Shell (Британ газ) — 29.25 % Chevron (АҚШ) — 18 % Lukoil (Ресей) — 13.5 % KazMunayGas (Қазақстан) — 10 %

Смотрите также