G
enby!

БҚО-дағы сұйытылған газ тапшылығы: неге ай сайын газ жетпейді?

Журналист Нұрлыбек Рахманов Батыс Қазақстан облысындағы сұйытылған газ тапшылығы мәселесінің шешімін іздеп, көршілес Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы тәжірибені зерттеді. Мұнай-газ саласы мамандарымен, жауапты мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен, сұйытылған газ тұтынушыларымен кездесіп, сұқбаттасты. Бұл шешім журналистикасы жанрында дайындалған репортажда мәселенің шешу жолдары ұсынылады. Таймкод: 00:00 Қазақстанда сұйытылған газды қай зауыттар өндіріп жатыр? 00:40 Батыс Қазақстан облысына неге газ жетпейді? 01:50 Орал қаласының жүргізушілері бұл жағдайға наразы 02:21 Әр айдың соңғы аптасында министрліктен қосымша газ сұрайды 05:07 Энергетика министрлігі газ көлемін көбейтуі керек 05:36 Жүргізушілердің газ қондырғысын рәсімдемеуі - аз лимиттің басты себебі 06:36 Атырауға газ БҚО-дан екі есе көп бөлініп отыр 08:46 Сарапшы тапшылығының себептерін таратып айтып берді 13:52 Әлеуметтік газ бағасы өндіріс шығынын өтей ме? 17:00 Неге Маңғыстау облысы газды өз ережесімен бөледі? 21:58 Лимит не үшін? Одан құтылудың жолы бар ма? 23:52 БҚО-дағы газ тапшылығын шешудің қандай жолы бар? #газ #Қазақстан #энергетика #репортаж

Смотрите также