G
enby!

Оңайбек Әбділов ақсақал халыққа үндеу жасады

Жуырда Маңғыстауда, Каспий теңізі жағалауында ойын аймағын ашу жоспарланып, өңір әкімдігі инвестор іздеп жатыр деген ақпарат шықты. «Маңғыстау облысының әкімдігі қоғам пікірін зерттеп, ойын аймағын ашудың қаншалықты қажет екеніне экономикалық сараптама жасалды. Оң нәтиже шықты. Қазір Маңғыстау облысы әкімдігі инвестор іздестіріп жатыр» делінді. Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңес төрағасы және Ақсақалдар кеңесі төрағасы, ғалым, техника ғылымының доктор, ҚР Заң академиясының академигі, полиция полковнигі Оңайбек Әбділов бұл мәселеге қатысты елдің ақсақалдарының атынан сөйлеп, көпшіліктің ойын жеткізді. -Егер де біз қазіргі таңда киелі мекен – үш жүз алпыс әулиелі Маңғыстауда жын-ойнақ салдыратын болсақ, онда бізді де Алланың жазасы күтіп тұрғанынан хабардар болуымыз керек. Тек Маңғыстау жерінде емес, еліміздің ешбір пұшпағында жын-ойнақ салынбасын, - дейді Оңайбек Нұрасылұлы. #казино

Смотрите также