G
enby!

Шымкентте мұнай бұрғылау зауытының жұмысшылары наразылыққа шықты

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Шымкентте мұнай бұрғылау зауытының жұмысшылары наразылыққа шықты. Маңдай тер ақыларын екі айдан бері алмаған азаматтардың төзімі таусылған. Басшылықтың уәдесіне сенуден қалдық деген көпшілік қаржыдан қысылып, қарызға баттық деп отыр. Олар екі жылдан бері тегін емделе алмай қиналған. Несие алу да арманға айналды дейді. Себебі, кәсіпорын медициналық сақтандыру мен зейнетақы қорына қаржы аударуды тоқтатыпты. Жұмысшылардың жанайқайын өңірдегі әріптесім Назерке Үкібасова тыңдап қайтты. Тауы шағылған атпалдай азаматтар мұнай бұрғылау зауытының бас кеңсесіне бүгін тағы да келді. Өйткені, олар екі айдан бері еңбекақыларына қол жеткізе алмай қиналған. Көбі бала-шағаны мектепке дайындау үшін қарыз алдық дейді. Несиенің үстеме пайызы да күн сайын көбейіп, көпшілік не істерін білмей жүр. БАТЫРХАН АЙТМЫРЗАЕВ, жұмысшы: Бәрімізде кредит бар. 240 мың аламын. Бәрі менің айлығыма қарап отыр. Айлықты уақытылы бермейді. Әр айдың 10-нан бастап береміз дейді. Айдың аяғына апарады. Уже келесі айға өткізіп жіберді. Айлықты сұрағанда уәде береді ғой. Болды аяқтан тұрамыз. Бәрі дұрыс болады дейді. Аяқтан тұрғанын көрген жоқпын. Жалақыны кешіктіруі алғаш рет емес дейді жаны қиналған жұрт. Ол аздай, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен зейнетақы қорына екі жылдан бері көк тиын түспеген деп отыр жұмысшылар. ҚУАНЫШБЕК ТОЙЖАНОВ, жұмысшы: 23-тен бері қарай төленбеді да пенсионный фонд. Айлығымыздан ұстайды. Бірақ шотымызға түспейді. За вредность деген бар бізде 5 пайыз. Ол сіздерге жоқ деді. Жан-жағымыздағы компанияларға қарсақ, оларға төлеп жатыр мысалы үшін. Бізге несие берілмейді. Жалпы, кәсіпорынның өзі Қызылорда қаласында орналасқан. Вахталық әдіспен еңбек ететін азаматтардың дені Түркістан облысынан қатынап еңбек етеді. Айлық алмай, қаржыдан қиналғандардың мәселесі бойынша компания өкілдері сұхбат беруден бас тартты. Ал еңбек инспекциясының өкілдері жұмысшылардың арызы бойынша тексеріс жұмыстары жүргізіледі деп қысқа қайырды. СЕРІК АЛИМАНОВ, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің шымкент қаласы бойынша департамент басшының орынбасары: "Смарт Ойл" ЖШС-ның жұмыскерлерінен бүгін зейнетақы жарналарына, жалақыны мерзімінде төлемеуіне қатысты арыз тіркелген. ЖШС-нің Түркістан облысы Отырар ауданында тіркелуіне байланысты арыз тиесілігі бойынша Түркістан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне жолдануда. Жол ақысына ақша таппай, жұмысқа бара алмай жүрген жандар прокуратураға да шағым түсіреміз деп тарқасты. Себебі, бұл азаматтардың дені отбасының жалғыз асыраушысы екен. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также