G
enby!

Туған ұлынан оңбай таяқ жеген қорғансыз қария қайтыс болды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Түркістан облысы, Шардара ауданында арбаға таңылған әкесін ұрып-соғып, қорлық көрсеткен 41 жастағы азамат қамауға алынды. Озбырлықты көре тұра, көмек көрсетпеген күдіктінің жұбайы да тергеліп жатыр. Белгілі болғандай, 69 жастағы зейнеткер өткен бейсенбіде көз жұмған екен. Марқұм белінен зақым алып, өздігінен жүріп-тұра алмаған. Ал, өз әкесіне қол көтерген ұлы мәдениет үйінде әдіскер болып жұмыс істепті. Тіпті, бірнеше жыл бойы мешітте тұрып, азан шақырып жүрген. Осы жантүршігерлік оқиға болған Қоссейіт ауылына өңірдегі әріптесім Нәзерке Үкібасова арнайы барып, мән-жайды біліп келді. Қорғансыз қарияны сабап жатқан жігіттің қатігездігі дүйім елдің жағасын ұстатты. Жүріп-тұра алмайтын туған әкесін балағаттап, қан-жоса қылып сүйреп жүргені, көрген жанның жүрегін ауыртады. Желіге таралған видеоны түсірген көршілері тұрғынның озбырлығын әкімдікке айтып, талай мәрте дабыл қақтық дейді. Бірақ құлақ асып, көмекке келген тірі жан болмады деп қапалы. Соның кесірінен 69 жастағы зейнеткер өткен аптада қайтыс болды деп отыр. МАЛИКА БЕЙСЕНОВА, Қоссейіт ауылының тұрғыны: Шал қайтыс болардан алдын естідік. Шалды ұратынын. Бәріміз шулап. Қандай заман деп. Видеоны түсіріп, әкімшілікке тапсырғанбыз. Әкімшілік келіп, ескерту жасаған екен деп естідік та біз. А бопты әкімшілікке тапсырса шара қолданады ғой өзі бұл балаға деп ойлағанбыз. Көп ұзамай қайтыс болды ғой шал. Негізі екеуі де ұрысады меніңше. Әйелінің де дауысы шыққан еді. Қоссейіт ауылының тұрғындары аталған отбасы бұл үйге шілде айында ғана көшіп келгенін жеткізді. Оған дейін мешіт маңындағы баспананы паналап, күдіктінің өзі азаншы болғанын айтады. Тіпті, той басқарып, асабалықпен де айналысыпты. НҰРКЕН АҒАЖАНОВ, Қоссейіт ауылының тұрғыны: Мешітте шырақшы деп ойлайтынбыз. Кейін мәдениет саласына кіріп, сол жерде дискотека құрып жүргенге тәуірлеу жігіт деп жүргенбіз. Атасы жуас, баяғы совхоз кезінде жұмыс істеген кісі еді. Ешқандай жаман атақтары жоқ еді. Инсульт алған. Сол инсульттан ауырып, денсаулығы болмай жатқан жерінде болған жағдай ғой енді. Мүмкін соны тұрғызып, тышқызып, сигізгенге ерінетін шығар. Ауыртпашылық болған шығар оларға. Бауыр еті баласынан оңбай таяқ жеген қарт кісі мүгедектік бойынша ешқандай есепте тұрмаған. Тек бел омыртқа ауруымен жүре алмай қалған дейді дәрігерлер. Әкімдіктегілер әкесіне қол көтерген тұрғын мәдениет үйінде әдіскер болып жұмыс істегенін жеткізді. Көршілерінің шағымы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді дейді. ӘДІЛБЕК ӘЛДЕНЕЕВ, Қоссейіт ауылдық округі әкімінің орынбасары: Ауылдық емхана қызметкерлері жайсыздық болып жатыр деп бізге екі-үш мәрте ескертті. Ол кісіні шақырғанбыз. Ауыл әкімі шақырып, ауыл медиаторы, ауыл имамы, участковый бәрі осы жерде әкім алдында жиналыс болып, ол кісіге түсіндірілген бұдан былай олай қайталамаңыз деп. Полиция іс қозғап, күдіктіні қамауға алды. Қайын атасының мүшкіл хәлін көре тұра араша түспеген келіні де қазір тергеліп жатыр. Есіркеп ақсақалдың азапталған үйінде екі күннен бері тірі жан жоқ. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также