ЖАЛҒАН АҚПАРАТ – ШЫНАЙЫ ЕҢБЕКТІ ЖОҚҚА ШЫҒАРМАУЫ ТИІС!
Тарихы терең, табиғаты көркем Төле би ауданы – Түркістан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан, әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, білім беру саласындағы тұрақты ілгерілеуімен ерекшеленетін аймақ. Ауданда бүгінгі таңда 70-ке жуық жалпы орта білім беретін мектеп жұмыс істейді. Онда 28 мыңға жуық оқушы білім алады. Бұл жас буынға сапалы білім мен тәлім-тәрбие беруде 3500-ден астам білікті ұстаз еңбек етуде. Жаңа 2025–2026 оқу жылы қарсаңында аудан мектептері жан-жақты дайындықтан өтті. Бірқатар білім беру ұйымдарында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, материалдық-техникалық база жаңартылды. Мұғалімдер біліктіліктерін арттыру курстарынан өтіп, жаңа оқу бағдарламаларына сәйкес оқытуға дайындықтарын пысықтады. Осының барлығы – аудан басшылығы мен білім бөлімі тарапынан сапалы білім беру ісіне ерекше көңіл бөлініп отырғанының нақты көрінісі. Төле би ауданы жаңа оқу жылын сенімді қадаммен, толық дайындықпен қарсы алуда.