Кентау: Қараусыз қалған аулалар, аяқталмаған модернизация. Құзырлы органдар не дейді? | Таза қала
Кентау – ынтымақ пен бірліктің мекені. Бұл қалада тазалық – жай ғана әдет емес, дәстүр. Экомарафондар мен экочеллендждерге қатысқан мыңдаған тұрғындар. Қолына қап ұстап, қоқыс теріп, жанұшыра жүгірген балалар тазалыққа үлес қосады екен. Дегенмен… Қараусыз қалған аулалар, аяқталмаған модернизация, базар маңындағы қоқыс мәселесі – тұрғындарды алаңдатады екен. Біз де осының бәрін көзбен көріп, құзырлы органдардан тікелей сұрап білдік. Кентау жұртшылығының тазалық мәдениеті, кәсіпкерлердің еңбегі мен тұрғындардың уәжі – барлығы «Таза қала» бағдарламасының жаңа шығарылымында!