Суы жоқ Израиль суды қалай экспорттап отыр? Қазақстан үндеуге қашан көшеді? | Жаhан жайы
«Келесі ғасырдағы соғыстар мұнай үшін емес, су үшін болады». Дүниежүзілік банкінің бұрынғы вице-президенті Исмаил Серрагельдиннің бұл сөзі 90-шы жылдар соңы мен 2000-шы жылдардың басында кең тарады. Осы цитата кейін медиа мен сарапшылар арасында «Су - XXI ғасырдың ең құнды ресурсы» деген қысқаша нұсқаға айналды. 21 ғасырдың алғашқы ширегі енді аяқталып жатыр. Әзірге ең құнды ресурс - қазба байлықтар мен жаңа технологиялар. Дегенмен су тапшылығы проблемасының ушыға түсетін уақыты әлі алда. Адамзат жыл сайын шамамен 4 триллион текше метр су тұтынады. Бірақ оның үлесі әділ бөлінбейді. Су қоры мол елдерде өзендер еркін ағып жатса, Африка мен Орталық Азияның кейбір өңірлерінде әр тамшы су қымбат. Статистикаға сүйенсек, тұщы судың 8 пайызы – адамдардың ішуіне, 60 пайызы – ауыл шаруашылығына, 30 пайызы – өнеркәсіптік өндіріс пен энергетикаға жұмсалады. Бір қарапайым ғана жеңіл автокөлікті шығару үшін 80 мың - 150 мыңнан жоғары литр су, ал бір баррель мұнай өндіруге 2 мың - 7 мың литр аралығында су кетеді. Сондықтан бүгінде су - жай табиғи ресурс емес, геосаяси және экономикалық құндылық. 00:00 Кіріспе: Су - XXI ғасырдың ең құнды ресурсы 00:45 Анонс 01:40 Адамзат жылына 4 трлн текше метр су тұтынады 02:58 Планетада 1,4 млрд текше км су қоры бар, соның 60% 10 мемлекетке тиесілі 03:40 Су қорының көлемі емес, оны тиімді игеру маңызды 04:20 EVERY DROP COUNTS: Израиль - суды ең тиімді басқарушы мемлекет 05:34 Бразилия су ресурсына өте бай, бірақ су шаруашылығы менеджменті әлсіз 05:55 Орталық Азияда су ресурстарын бөлісу жүйесі қалай жүреді? 06:55 Әлемдегі су тапшылығының бірнеше себебі бар 07:28 «Су басқару технологиясы ең озық мемлекет - Финляндия» - В.Рич 08:09 «Қазақстан - трансшекаралық су ресурстарын әділ бөлуді қолдайтын мемлекет» - В.Рич 08:19 Мұздықтар еріген сайын су қоры да азаяды 08:47 Соңғы 50 жылда мұздықтардың 30% еріп кетті 09:07 «Су ресурстарына таласты дипломатиялық жолмен шешуге болады» - В.Рич 09:35 Қазақстанда 108 млрд текше метрді су қоры бар 11:18 Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылған 2 жыл ішінде қандай жұмыстар атқарды? 15:39 Суды үнемдеудің жолы - тарифті дифференциялау 17:50 «Қазақстан су қорының 45%-ы трансшекаралық өзендерден келеді » - Н.Нұржігітов 21:50 Қазақстан трансшекаралық су ресурстарын бөлісу мәселесін қалай шешіп жатыр? 24:40 Каспий мен Аралдың тағдыры - бірі геосаясаттың, екіншісі экологиялық қателіктің құрбаны 26:20 Каспийге құятын өзендер ағыны азайды 27:37 Каспийдің тартылуының экономикалық салдары да бар 28:48 Каспийдің флорасы мен фаунасына қауіп төніп тұр 30:14 Арал теңізі 1960 жылдан бері 90%-ға тартылған Біздің жобаларға жазылыңыз: @JibekJolypodcast @JibekJolyMusic @JibekjolyNews @Kazinform Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар! #jibekjolytv # #