Бізде шындықты айту қылмысқа айналып кеткен
Бұл шығарылымда біз саясат пен шығармашылықтың, жүйе мен тұлғаның, принцип пен тәжірибенің тоғысқан тұсын талқылаймыз. Қонағымыз –ақын, депутат,қоғам белсендісі Ринат Зайыт, өз ойын ешқашан бүгіп қалмайтын, бүгінгі билік жүйесінде жүргенімен, сол жүйеге сын көзбен қарай білетін азамат. Сұхбатта көтерілетін тақырыптар: –Тектегі «–ов»-тан бас тарту – еркіндік пе, әлде сән бе? – «Жүйені өзгерту» дегеннің шын мәні не? – Президентке ғана үміт арту – саяси мәдениет әлсіздігінің белгісі ме? – Қазақстандағы ең төменгі жалақы мен биліктің шынайы бейнесі. – Жасанды интеллект: өркениет үміті ме, қауіп пе? – Ринат Зайыттың қарашадағы шығармашылық кеші – саясаттан шаршаған жүректің әңгімесі. Бұл подкаст – эмоция мен рационалдың, саясат пен поэзияның, тұлға мен жүйенің қақтығысы. Көріңіз және өз пікіріңізді қалдырыңыз. #РинатЗайыт #Подкаст #Адырна #Жүйе #Саясат #Қоғам #Өнер #Интервью 2:47 Тегіңіздегі «–ов» жалғауын алып тастау трендтан қалмаудың амалы ма? 8:48 Кезінде саясатқа сын көзбен қараған Ринат пен бүгінгі Ринаттың айырмашылығы қандай? 9:55 ШахМат пен саясат 10:28 Жүйені өзгерту дегеніміз – заңды ауыстыру ма? 14:28 Біреулер Қазақстанда бәрі жақсы дейді, енді біреулер керісінше сынайды. Сіздіңше, шындық қай жақта? 22:17 Әлия Әшім амалсыздан жарнама алады ма? 27:57 Барлық іске Президентті араластыру дәстүрге айналып бара жатқан секілді ме? 28:41 Активтерді қайтару комиссиясы қызметін лайықты атқара алды ма? 31:45 Ең төменгі жалақы қанша болуы керек? 37:20 Қазақстандағы қоқыс мәселесі қашан шешіледі? 42:36 МӘМС мәселесінің мән-жәйі 43:46 Жасанды интеллект – адамзат үшін жаңа мүмкіндік пе, әлде санаға төнген қауіп пе? 45:28 Жолдауда сізді не қуантты, ал не айтылмай қалды деп ойлайсыз? 48:32 Сіздің пікірлеріңізге кімдер қарсылық білдіреді? 50:28 Сахнаға қайта оралу ойыңызда бар ма? 52:37 Депутаттардың арасында көзқарас қайшылығы не ішкі бәсекелестік сезіле ме? 58:50 Қазір айтыстың деңгейі қандай? 1:05:01 Қазіргі жастар қандай болуы керек?