Қазақстан десантшылары бас қосты
Қазақстан десантшылары бас қосты. Мереке қарсаңында әскери рух пен достыққа адалдықты ту еткен азаматтар еліміздің түкпір-түкпірінен жиналды. Бұл – 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдаушы бригадасында 1993 пен 2008 жылдар аралығында әскери борышын өтеген жауынгерлердің басқосуы. Кезінде бір сапта тұрған сарбаздар бұл жолы қару асынып емес, жүректі жылытатын естеліктерді жаңғырту, бауырмалдықты бекемдеу үшін қайта қауышты. Кездесудің басты мақсаты – өскелең ұрпаққа Отан алдындағы міндеттің қасиетті екенін ұғындыру, әскери қызметтің абыройлы жол екенін дәріптеу.