Алакөлде туристік маусым қызып тұр
Айдынды Алакөлде туристік маусым қызып тұр. Шипалы суға келетіндер саны күн санап артып келеді. Басым бөлігі туристік статусы бар Ақши елді мекенін таңдаса, енді бір бөлігі Көктұма ауылында демалғанды ұнатады. Қазір мұнда да үлкенді- кішілі 200-ге жуық адам қабылдайтын орын бар. Егер жылына Алакөлге 1,7 млн демалушы келсе, олардың 30-40 пайызы осы ауылдың еншісінде.