Қонаев гарнизонына қарасты 65/476 әскери бөлімінің базасында оқу-жаттығу жиындары өтуде
Алматы облысындағы Қонаев гарнизонына қарасты 65/476 әскери бөлімінің базасында Кеген, Талғар аудандары мен Қонаев қаласынан келген әскери міндеттілердің қатысуымен оқу-жаттығу жиындары жалғасуда. Жуырда 50 әскери міндетті 25 шақырымдық маршты сәтті орындады. Олар радиациялық, химиялық және биологиялық барлау жүргізуге арналған бронетехникамен және ЗиЛ-131 базасында жабдықталған автостанцияларымен сап түзеп, күрделі тактикалық тапсырмаларды орындады. Жаттығудың негізгі мақсаты экипаждардың өзара іс-қимылын пысықтау, жеке құрамның төзімділігін арттыру, техниканың жарамдылығын тексеру және тактикалық машықтарды жетілдіру болды.