17 мың адам алданды: алаяқтардың артында кім тұр? | Түйін
Қазақстанда алаяқтардың арбауына түскен азаматтар саны күннен күнге артып барады. Әккі айлакелерлер 17 мың отандасымыздың 34 млрд теңгесін қағып алған. Ай сайын құйтырқы әрекеттің түр-түрін табатын алаяқтарды қолға түсіру қиындап барады. Қасықтап жинаған қаржысынан қас-қағым сәтте айырылатындар көбейген соң, Президент Үкіметке тапсырма берді. Енді киберқылмысқа қарсы күрес қалай жүргізіледі? Қазақстандықтардың жеке деректері неге желіге жиі тарап кетеді? Осы және өзге де өзекті сұрақтардың жауабы «Түйін» бағдарламасында. 00:00 – Басталуы 00:13 – 17 мың қазақстандық алаяққа алданған 00:42 – Прокуратура берген жаға ұстатарлық статистика 01:48 – Мәселе Президент бақылауына: Тоқаев қаулы қабылдады 02:32 – Президенттің сөйлеген сөзі 03:02 – Студия қонағын танысыру 03:48 – Президент қабылдаған қаулыдан соң не өзгереді? 06:30 – Кибералаяқтарға қарсы тұратын мықты мамандарды қалай көбейтеміз? 08:22 – Қазақстандықтардың жеке дерегі желіге жарияланып кеткен 10:32 – Елде киберқауіпсіздікке қарсы агенттік құрыла ма? 11:28 – Жеке деректердің қауіпсіздігіне кім жауапты? 12:15 – Батыстағыдай бізде де мемлекетке жұмыс істейтін ақ хакерлер бар ма? 13:59 – Теріс ниетте хакерлерге қарсы тұра аламыз ба? 15:29 – Қазақстанда жеке деректер тарап кетсе, неге жауаптылар айыппұл төлемейді? 17:13 – Киберқылмыстарды тергеуге қатысатын мемлекеттік органдардың құзыреті артуы мүмкін бе? 18:27 – Алаяқтарға қарсы тұру үшін қандай елдермен байланыс орнаттық? 19:45 – 12 жастағы оқушы 300 мың теңгесінен айырылды 21:48 – Түйін