G
enby!

Бір ай жаңбыр жауады. Егін не болмақ? | Түйін

Күз – ала жаздай еңбек еткен диқандар үшін маңызды кезең. Жер емген жұрттың ендігі жұмысы еккен егінін шашпай-төкпей, шашау шығармай жинап алу. Бірақ биылғы орақ маусымы оңайға соқпауы мүмкін. Себебі, синоптиктер елдің кей аймақтарында бір ай бойы жаңбыр жаууы мүмкін дейді. Мыңдаған гектар егін алқабы жаңбыр астында қалып, шаруалар шаш етктен шығынға батпай ма? Бұл астық бағасының қымбаттауына әкеліп соқпай ма? Фермерлер неге дабыл қақты? Осы және өзге де сұрақтардың жауабы «Түйін» бағдарламасында. 00:00 – Басталуы 00:14 – Орай маусымы оңайға соқпауы мүмкін! 00:45 – Бір ай бойы жаңбыр жаууы мүмкін. Қойма жеткіліксіз, кептіру орны тапшы 01:45 – Тоқаев: Ауыл шаруашылығын цифрландыру керек 02:29 – Су тапшы. Шаруалар тіршілік нәрін үнемдеуі тиіс 04:28 – Қазақстан егіс алқабы жағынан әлемде 6-шы орын алады 05:08 – Студия қонағын таныстыру 05:29 – Астық экспорты мұнайды алмастыра ала ма? Әлде құр қиял ма? 08:12 – Жауын-шашынды желеу еткендер азық-түлік бағасын қымбаттатып жібермей ме? Бұны кім бақылайды? 09:49 – Ұн мен нан тағы қымбаттай ма? 10:39 – Солтүстіктегі 300-ден астам шаруа шағымдануда. Астықтың сапасы неге нашарлап жатыр? 11:23 – Шаруалар үкіметтен көмек сұрайды 12:02 – Шағымданған шаруаларға министрлік қандай көмек көрсетеді? Астық кептіру жабдықтарын іске қосу, сатып алу бағасына қатысты қандай өзгеріс болады? 13:45 – Баға қымбаттамас үшін Президент былтыр азық-түлік корпорациясы арқылы шаруалардан астық сатып алу тапсырды. Не өзгерді? 15:09 – Неге өзімізді отандық қніммен қамти алмай отырмыз? Тұқымнан бастап, тыңайтқыш, химиялық қоспалар, техникаға қажет қосалқы бөлшектердің көбі сырттан келеді. 17:56 – Астықтың сапасы мен шығымдылығын арттыру үшін не жасалып жатыр? 20:36 – Қыста жуа, сәбіз, картоп тапшылығы болмай ма? Қордағы астық жеткілікті ме? Бағасы қалай болмақ? 23:37 – Отандық өнімді шетелге шығару бойынша бәсекеден қалып барамыз. Депутаттар дабыл қақты. 25:08 - Түйін -------------------------------------- #Түйін #Қоғам #Аналитика #Қазақстан #Саясат #Проблемы #Новости #жаңбыр #егін #егінжинау #қазақстан

Смотрите также