3 жылдан кейін Қазақстан қалай өзгереді?
Осы апта Астанада әлем болашағына өзгеріс әкелетін форум өтті. ІТ саласындағы жер-жаһанның кіл мықтылары Қазақстанға жиналып, соңғы технологиялық жаңалықтарымен бөлісті. Президенттің төрағалығымен, тіс қаққан мамандардың қатысуымен өткен басқосуда қандай шешім қабылданды? Болашақта бізді не күтіп отыр? Тың технологиялар мен жасанды интеллект өмірімізді қалай өзгертпек? Осы және өзге де өзекті сұрақтардың жауабы «Түйін» бағдарламасында. 00:00 – Басталуы 00:13 – Астанада әлемнің болашағы анықталып жатыр 00:49 – 3 жылдан кейін Қазақстан қалай өзгереді? 02:22 – Қазақстанда бұрын-соңды болмаған жасанды интеллект саласына маманданған университет ашылады 03:21 – ІТ саласындағы әлемнің кіл мықтылары Астанадағы форумда не айтты? Президент қандай шешім қабылдады? 04:52 – Студияның алғашқы қонағымен таныстыру 05:25 – «Digital Bridge» бізге не берді? Қандай пайдасын көріп жатырмыз? 06:59 – Біздегі ІТ саланың дамуына халықаралық компаниялардан қызығушылық бар ма? 08:52 – ЖИ-ды қалай қауіпсіз, бейбіт мақсатта пайдалана аламыз? 10:05 – 3 жылдан кейін Қазақстанды өзіңіз қалай елестете аласыз? Цифрлық мемлекетке айналу деген не? 11:49 – ЖИ қандай мамандық иелерін жұмыссыз қалдыруы мүмкін? Заман ағымына қарай жастар қандай мамандық таңдауы керек? 13:03 – Студияның екінші қонағын таныстыру 13:50 – Clever Cloud компаниясы немен айналысады? 16:06 – Қазақстан мен Франция маңызды келісімге қол қойды 17:43 – Астанада өткен «Digital Bridge» несімен таңғалдырды? 19:16 – Қазақстан алдағы 3 жылда толық цифрлық мемлекетке айналуды мақсат етіп отыр. Осыған қатысты сіздің көзқарасыңыз қандай? 21:42 – Киберқауіпсіздік – бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі. Осыған қатысты сіздің пікіріңіз қандай? 23:08 – Түйін #Түйін #Қоғам #Аналитика #Қазақстан #Саясат #Проблемы #Новости
Смотрите также

