30 кейіпкер – 30 тұлға! Асқар Қуаныш Баймұратұлы.
30 кейіпкер – 30 тұлға! Бүгінгі кейіпкеріміз Асқар Қуаныш Баймұратұлы. ҚР жүгіруден, жүзуден көп дүркін чемпионы. Халық аралық және әлем кубогының жүлдегері. Қуаныштың спортқа келуіне себепкер әкесі. Әкесі облыстағы алғаш кикобос сециясын ашқан, бокстан бапкер . Балаларын жастайынан спортқа бауылған , Қуаныштың өзі 6-жасынан бері спортпен шұғылданып келеді. 12-жасында оң қолын жоғалтқан Қуаныш, еш мойымастан спортты әрі қарай мүгедектер клубы арқылы жалғастырады. Осыншама еңбектің арқасында жоғарыда аталған жүлделерге қол жеткізеді. Қазіргі таңда жұмысы, отбасы бар. Жүмысқа тұрып, отбасы құруына өзінің жағдайы еш кедергі болмағанын айтады. Өзі сияқты адамдарды қоғамда аз кезіктіреміз, өйткені олар жасқаншақ, өз денесіне ұялшақ болып келеді. Соларға айтарым: ештеңеден ұялмау керек, менің жасай алғанымды демек сіздерде жасай аласыздар, өзіңізге ұнайтын іспен шұғылданыңыз соның ішінде спорттың көп пайдасы бар - дейді Қуаныш. Қуанышты мүгедек деп емес спорт шебері ретінде танитындар өте көп. @kuanysch.askar #тәуелсіздікке30жыл #30тұлға30сұхбат #30кейіпкер30тұлға