G
enby!

Уэльс 3:1 Қазақстан. Ауыр жеңіліс пе? Тағыбергенге көп сенім артып қойдық. Сәтпаев үмітті ақтады ма?

Футболдан Қазақстан құрамасы биылғы маусымды сәтсіз бастады. Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Али Алиев шәкірттері сырт алаңда Уэльспен ойнап, 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Десе де, бұл ойын біздің құрама үшін позитивті сәттерімен есте қалды. Fonteam-ның бүгінгі шығарылымы тура сол Кардифф қаласынан жазылды. Біздің тұрақты спикерлер матч біте салысымен бас қосып, ойынға өздерінше талдау жасап көрді. Мәселен, команда капитаны Асхат Тағыбергеннің бір емес, екі рет қателесуіне не себеп болды? 16 жастағы Дастан Сәтпаев дебюттік ойынын жоғары деңгейде өткізе алды ма? Не үшін Ислам Чесноковты матчтың үздік ойыншысы деп таңдадық? Осы сауалдардың жауабын білгіңіз келсе шығарылымды соңына дейін көріңіз. Пікір жазып, өз ойыңызды да айтуды ұмытпаңыз. Таймкод 00:00 – Басталуы 03:31 – "Ортадағы қателіктер әбден қинады" 04:09 – Мужықов пен Тағыберген ұлттық құрамада ойнамауы керек 06:02 – Тағыберген психологиялық тұрғыда дайын болмады 07:48 – Асхат Тағыбергеннің орнына шығатын ойыншы жоқ 09:09 – Мужықов пен Жуковты бірге шығару керек еді 09:27 – Бірінші голдағы қателік 10:32 – Айбар Жақсылықовтың ойыны туралы 12:50 – Сәтпаев үмітті ақтады ма? 14:09 – Төрешілердің жұмысы. Самородовтың мүмкін қызыл қағазы 14:44 – Матчтағы үздік ойыншы кім? 15:54 – Дэниел Джеймстың голы туралы 16:56 – Стандарт кезінде біз гол өткізбеуіміз керек еді 17:32 – Заруцкийдің орнына Сейсен неге шықпады? 19:38 – Қазақстан құрамасынан прессинг байқалмады 20:47 – Чесноковтың ойынын "Хартс" скауттары тамашалады 21:18 – Ұлыбританияны "бағындырдық" 21:51 – Лихтенштейнді жеңбесек, футболды жауып тастаған жөн 24:00 – "Жылжымалы студия" форматы ұнап жатыр ма? 25:28 – "Болашаққа үмітпен қараймын" – Олжас Байбосын 26:08 – Ермаштан қорытынды 27:17 – Біз "күз-көктем" жүйесіне ауысуымыз керек 27:50 – Үлкен турнирлерге шығуға әлі лайық емеспіз Telegram - https://t.me/fonteamkz
Instagram –   / fonteamkz   Tiktok -   / fonteamkz   #football #сборная #казахстан

Смотрите также