Осылай ойнасақ, Уэльсті де жеңеміз! Сәтпаевтың ерекше рөлі бар. КӨЛЕМДІ ТАКТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Fonteam-ның бүгінгі шығарылымы Ұлттық құраманың қазіргі ахуалына арналып отыр. Біздің тұрақты резиденттер бұрынғы бас бапкерлер Адиев пен Черчесовті салыстырып, қазіргі Али Алиевтің әлеуеті туралы талдау жасады. Сонымен қатар, наурызда өтетін Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы матчтарға болжам айтты. Кезінде жанкүйерлер жерден алып жерге салған Станислав Черчесовтің тактикасының дұрыс екенін айтқан Ермұхамед Мәулен алдағы бірнеше матчта Қазақстанға қиын болатынын жасырмады. Елдос Ахметов болса Түркияда өткен жолдастық кездесулер Қазақстанда талантты жас футболшылардың көп екенін көрсетті деп отыр. Қалай болғанда да Қазақстан құрамасы Уэльсті де, Лихтенштейнді де жеңуге бел буып отыр. Ол мақсатқа жету үшін Али Алиев қандай тактика қолданады? Білгіңіз келсе шығарылымды соңына дейін көріп, кейін өз пікіріңізді жазып қалдырыңыз! Тактикалық талдауға @TOTS.ThinkOnTheSpot жобасындағы достар көмектесті 00:00 - Басталуы 02:22 - Елдос Ахметовтың бапкерлік категориясы бар ма? 02:53 - Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы ойындарға дайындық қалай жүріп жатыр? 03:33 - Адиев кезіндегі жүйе, Данияға қарсы матч 05:52 - Адиев пен Черчесов кезіндегі айырмашылықтар. Ұлттық құраманың деңгейі 07:54 - Норвегия сияқты командаларға ұтылатынымызды білдік 09:22 - Адиев болғанда, тым болмаса, гол соғатын едік 11:39 - "Біздің оң қапталымыз, өкінішке орай..." 12:22 - Барлығы 4 қорғаушы жүйесіне көшіп жатыр 13:38 - Габышев пен Вороговский – біздің жасырын жартылай қорғаушыларымыз 14:41 - Талғат Байсуфинов 1-2 адамды ұрды-ау 16:27 - 5-3-2 жүйесі кезіндегі қорғаныс 18:12 - Черчесов неге 5 қорғаушы жүйесінен бас тартты? 20:33 - "Қашан бізге гол соғады деп күтіп отырамыз ба?" 21:58 - Рохер Каньяс сияқты "цепной" ойыншылар керек 23:11 - Черчесов біздің футболшыларды өз жүйесіне ыңғайластырғысы келді 25:37 - "Ұлттар лигасы" турнирін босқа жіберіп алған жоқпыз ба? 26:58 - Біздің құрамда буын алмасу процесі жүріп жатыр 27:47 - Черчесов кезінде жақсы ойнап, ұтылып қалған матчтар болмады 29:49 - Бізге жоғары деңгейдегі ойыншы керек 30:30 - Черчесов пен ойыншылар арасында байланыс болмады 31:18 - Әли Әлиев келген соң Ұлттық құрамада қандай өзгерістер болады? 32:23 - Прессинг жасауға біздің футболшылардың физикалық мүмкіндігі шектеулі 35:59 - 8 минут шабуыл, 8 минут қорғаныс тактикасы 38:21 - "Мелкий фолдарды" Қазақстан құрамасы өте жақсы жасайды 39:57 - Қақпашы мәселесі қалай шешіледі? 43:08 - Норвегиямен ойындағы Әліп пен Тағыбергеннің қателері 44:58 - Дайындық кезінде тактикаға қанша уақыт бөлінеді? 46:53 - Допинг қабылдасақ, жеңеміз бе? 48:01 - Елдос Ахметовтен көрермендерге үндеу 49:25 - Ермаштан үндеу Telegram - https://t.me/fonteamkz
Instagram – / fonteamkz Tiktok - / fonteamkz #football #сборная #казахстан