Марочкин аяқтады, Асхат не істейді? Сейсен Заруцкийден мықты! Әлиевтің тактикасын талдадық
Футболдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына іріктеу турнирін бастап кетті. Жақсы ма, жаман ба – Әли Әлиев шәкірттері сырт алаңда болған екі ойыннан үш ұпай алып қайтты және үш гол соқты. Бәрінен бұрын жанкүйерлердің қуанышында шек жоқ. Өйткені, біздің ұлттық құрама соңғы рет 2023 жылдың қарашасында ғана жеңіске жеткен екен (Сан-Мариноны 3:1 есебімен ұтқан). Ал, былтыр Станислав Черчесов бас бапкер болған уақытта мүлдем соғылған гол көрмедік. Енді бұл жолы жеңіс те бар, гол саны да аз емес. Десе де, Лихтенштейн секілді әлемдегі ең әлсіз команданы жеңіп, қуануға бола ма? Fonteam-ның бүгінгі шығарылымында осы тақырыпты талқыладық. Біздің тұрақты спикерлер Уэльс пен Лихтенштейнге барып, екі ойынды да стадионнан көріп қайтқан болатын. Олар сол матчтарға талдау жасап, стадиондағы атмосфераны біздің студияға алып келді. 00:00 - Басталуы 01:56 - КОНКУРС! 04:43 - Түркиядағы жиынның пайдасы қаншалықты тиді? 05:35 - Бұл ойыннан кейін Әли Әлиев қалуы керек 06:56 - 23-тегі футболшыларды жас деп айтуды қою керек 08:26 - Лихтенштейнді жеңетініміз белгілі болды 10:26 - Жанкүйер үміт артқан футболшылар бұл жолы өз ойынын көрсете алмады 11:28 - Шетелдік агенттер біздің ойыншыларға қызығушылық танытып жүр 12:12 - Лихтенштейнмен матчтың үздігі Жуков емес, Самородов 13:13 - "Сейсеннің ойынына ризамын" – Ермұхамед Мәулен 14:03 - "Кез келген құрамада қақпашы мәселесі 5 жылға шешіліп тасталуы керек" – Олжас Байбосын 15:27 - Мұхамеджан Сейсен бірінші нөмірді алып жүре алмауы мүмкін бе? 16:23 - Заруцкий Уэльспен матчқа жақсырақ дайын болды 18:12 - Бапкерлік құрам Стас Покатиловты әуре қылып жіберген жоқ па? 20:08 - Сейсен жуырда Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін 21:05 - Әуесқой құрамамен сенімсіз ойын көрсеттік 22:52 - Лихтенштейннің стадиондарында концерт өтпейді, футбол ойнайды 24:31 - Зайнутдинов пен Айымбетов ұлттық құрамаға жетіспеді 25:00 - Қосалқы құрамнан шыққан футболшылар өздерін көрсете алмады 25:33 - Чесноковтың Лихтенштейнмен ойында қолы жүрмеді 26:59 - Дастан Сәтпаевтың ойыны жайлы 27:57 - "Дастан топ ойыншы болатынына сенемін", – Елдос Ахметов 29:05 - Елдос Ахметов Марочкинді алмастыруға дайын 30:27 - Уэльстегі атмосфера керемет болды 32:12 - Британиядағы қазақ жанкүйерлері керемет қолдау көрсетті 33:32 - "Асхаттың қателескенін адамдар көтере алмайды" 35:31 - Асхаттың орнына жас футболшы табылмай ма? 37:05 - Уэльсті үйде жеңуіміз керек 38:11 - Самородов, Сәтпаев сияқты жастарымыз барда Қазақстан құрамасына сенеміз 40:45 - Тағыберген мен Мұжықовтың алғашқы голдағы қателігі 42:46 - Марочкин керемет жест жасады 44:04 - ФИФА мұражайындағы қазақ баласының Әлем чемпионатында соққан голын көріп келдік 46:30 - ҚПЛ-дың 3-туры бойынша қысқа превью 49:30 - "Футбол – сүреңсіз, мағынасыз өміріміздің мәні" Telegram - https://t.me/fonteamkz
Instagram – / fonteamkz Tiktok - / fonteamkz Ермұхамед Мәулен – / e.maulen Әлімжан Асқар – / alimjanasqar Олжас Байбосын – / olzhas_baibosin Елдос Ахметов – / eldos_akhmetov #footballkazakhstan #футбол #казахстан