G
enby!

Жаңа жүргізушілер үшін міндетті автоcақтандыру құны арзандауы мүмкін

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Енді елімізде жаңа жүргізушілер үшін міндетті автоcақтандыру құны арзандауы мүмкін. Қаржы нарығын реттеу агенттігі сақтандыру жүйесіне өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Яғни, алғаш рет полис алғандар енді жоғары тарифпен төлемейді. Темір тұлпар тізгіндеушілерге қатысты жаңа норма жайлы әріптесім Серік Дәрменұлы айтады. Көктемнен бастап алғаш рет сақтандыру рәсімдегендерге жаңа «А» cанаты беріліп, коэффициент 1,8-ге көтерілген болатын. Бұл бұрынғы көрсеткіштен бір жарым есеге қымбат. Енді жаңа жүйе күшіне енсе, жүргізушілердің сақтандыруға төлейтін қаражаты әжептеуір азаяды. Ойлаймын жақсы ғой негізі. Енді ол шын мәнінде соның септігі тиеді дейтін болса, онда ол дұрыс деп ойлаймын. Мен мысалыға ұлыма жасаттым 60 мың теңге шықты. Әрине дұрыс. Коэффициенттерді «бонус-малус» жүйесі есептейді. Ол жүргізушінің тәжірибесіне қарай тарифті қымбаттатады немесе арзандатады. Енді қаржы нарығын реттеу агенттігі «А» санатын алып тастап, жаңадан келгендерге бұрынғыдай «3-класс» беруді ұсынып отыр. Негізгі өзгерістер мен толықтырулар келесі мәселелерге қатысты: сақтандырушының Бірыңғай сақтандыру дерекқорына берілетін ақпараттың анықтығы үшін жауапкершілігін белгілеу; Коэффициенттерді «бонус-малус» жүйесімен, оның ішінде мемлекеттік дерекқорларға қолжетімділік шектеулі болған жағдайларда есептеу тәртібін нақтылау; ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми мәлімдемесі: Әрбір жүргізушіде міндетті сақтандыру болуы шарт. Ол - жол апаты кезінде зардап шеккен тараптың шығынын өтеп береді. ЕРНАР ТЛЕУБЕРГЕНОВ, сақтандыру компаниясының жетекші маманы: Жаңа көлік жүргізушісінің тәжиірбесі жоқ. Ол міндетті түрде, жол көлік оқиғасын жасайды. Бірінші жылы. Жол патрульдік полициясының статистикасын алға тартсақ болады. Әр оқиға болған сайын, 600 айлық есептік көрсеткіштен бере берсе, әрине сақтандыру компаниялары шығынға ұшырайды. Енді қазақстандық жүргізушілер үшін міндетті автоcақтандыру құны аздап жеңілдеуі мүмкін. Бірақ нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Құжат қазір қоғам талқысында. -------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также