G
enby!

Алматыдағы зауыттардың бірінде 22 жастағы жігіт аяғынан айырылды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Аяғынан айырылды. Алматыдағы зауыттардың бірінде 22 жастағы жігіттің аяғы кранның астында қалып қойған. Қатты зақым келген азаматтың аяғын кесуге тура келіпті. Ал ең сорақысы - зауыт өкілдері тіпті жедел жәрдем шақырмаған дейді әкесі. Сөзіне сенсек, компания басшылары материалдық көмек көрсетуден де бас тартқан. Ал зауыт басшылығы мүлдем басқа ақпарат берді. Тараптарды Аяулым Изатқызы тыңдап қайтты. Бұл - 22 жастағы арманы айқын, мақсаты биік Елдос. Оқуын тәмамдап, еңбекке араласқанына бір ай енді толған жігіттің бар үміті бір-ақ сәтте күл-талқан болды. Өйткені өткен жылдың қарашасында өзі электрик болып жұмыс істейтін зауытта артынан кран келіп соғып, аяғын басын қалған. Жарақаты ауыр болған Елдостың аяғын сақтап қалу мүмкін болмапты. Осылайша сап-сау жүрген азамат әп сәтте 2-топ мүгедегіне айналған. ЕЛДОС НАЗЫМБЕК, жәбірленуші: -Сағат таңғы 7.40-тарда біздің бастығымыз жарық шамдарын түске дейін орнатып бітіруімізді талап етті. Бірінші жарық шамын орнатып біткеннен кейін екінші жарық шамын орнатып жатқанда артымыздан кран келіп соғып, екі аяғымызды жарақаттады. Жанымдағы кісінің де аяғы жарақатталды. АЯУЛЫМ ИЗАТҚЫЗЫ, тілші: Оқыс оқиға дәл осы зауытта болған. Әкесінің сөзінше, Елдос жарақат алғаннан кейін бірден жақындарына хабарласқан. Жұмыс орнына жеткенімде ұлыма әлі ешқандай көмек көрсетілмеген. Тіпті басшылық жедел жәрдем шақыруға да жарамады деп отыр. Бауыржан мырзаның сөзіне сенсек, алғашында компания өкілдері бар шығынды өтейтіндерін айтып сендірген. Жігіт ағасы барлық клиникаларды кезіп, емделуге ең кем дегенде 50 миллион теңге қажет екенін есептеп шыққан. Алайда бұл сома туралы естіген зауыт басшылығы бірден бас тартты дейді. Амалы таусылған әке заң көмегіне жүгінген. Дегенмен сот жұмыс берушілерді кінәсіз деп таныпты. БАУЫРЖАН ҚЫРЫҚБАЕВ, жәбірленушінің әкесі: Сот үкімін шығарды. Ешкім кінәлі емес деп бәрін оправдать етті. Білмеймін енді, сонда производство кінәлі ме? жоқ, ответственное лицолар кінәлі ме? Ешкім кінәсіз, сонда балам өзі жарақат алғандай боп тұр ғой Ал зауыт өкілдері жағдай мүлде басқаша болғанын айтады. Сөздерінше, компания көмегінен жәбірленушінің өзі бас тартқан. Тіпті өндіріс орны Елдосқа жұмыс ұсынған көрінеді. ТАХМИНА БАРЗАМОВА, компания заңгері: Пострадавший Назымбек Елдосқа басынан бастап көмек көрсету шаралары болған болатын, яғни ақшалай көмек. Онымен біздің басшылық шектелген жоқ. Ақылы палатада ем шараларын ұсынған болатын, алайда пострадавший өзі одан отказ берген. Қазіргі таңда да біздің компания оның протезіне көмектесуден бас тартқан жоқ. Сондай-ақ страховая выплата да қолданылды. Жәбірленуші тарап сот шығарған үкіммен келіспейді. Сондықтан алдағы уақытта апелляциялық шағым түсірмек. ----------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер - https://www.youtube.com/playlist?list...
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также