G
enby!

Енді қаржы ұйымдары қазақстандықтарға ағымдағы шотында ақша ұстағаны үшін сыйақы төлеуі мүмкін

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Енді қаржы ұйымдары қазақстандықтарға ағымдағы шотында ақша ұстағаны үшін сыйақы төлеуі мүмкін. Яғни, күнделікті қолданатын, не жалақы түсетін есепшоттарға қосымша пайыздар есептеледі. Сәйкесінше, 7 жыл бойы қолданыста болған тәртіп өзгеріп, тыйымның күші жойылуы ықтимал. Қазір қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сыйақы төлеу мәселесін қайта қарауды жоспарлап отыр. Кейінгі кездері ағымдағы шоттағы ақшаға сыйақы төлеу мәселесі жиі көтеріліп жүр. Күні кеше министр Серік Жұманғарин де тыйымды алып тастауға қатысты ұсынысын айтқан еді. Ал, LS порталының дерегінше, қаржы нарығын реттеу агенттігі қазірдің өзінде мәселені қарастырып жатыр. Мысалы, Мәдина Әбілқасымова шектеуді жоймас бұрын, артықшылықтары мен кемшіліктерін толық зерделеп алған жөн дейді. Өйткені, сыйақы ставкасы төмен болуы ықтимал. Яғни, 1-3 пайыз аралығында бекітілуі мүмкін. Ал, астаналықтар банктердің ақшаны шотта сақтағаның үшін пайыз төлеуі дұрыс деп отыр. Мен қолдаймын. Потому что ол деген ақша просто так жатпайды. Олар оны пайдаланады. Об этом они не говорят. Оған, әрине, ешкім қарсы болмайды. Өте дұрыс. Банктің айналымында ғой. Қаржылық сауат артады. Уже есептейді адамдар. Қанша ақша қалдыру керек деп. Алайда, мамандар шектеуді алып тастау қиындықтарға әкеп соғуы ғажап емес – деді. Пікірлерінше, қаржы ұйымдарына тұрақты қаржыландыру базасы қажет. Демек, қаражат мерзімді не жинақ депозиттерінде сақталуға тиіс. Сәйкесінше, банктер ұзақ мерзімді несиелер беруге мүмкіндік алады. Ал, ағымдағы шоттарға пайыз есептелсе, шығын көлемі артады. Міне, сол шығын қарыз алушыларға салмақ салмақ. БАУЫРЖАН ЫСҚАҚОВ, экономист: Ағымдағы шотқа қосымша табыс беруіміз керек дегеннен гөрі, сол ақшадан өздеріне табыс табу мүмкіншілігі бар екенін айтуымыз керек. Яғни, жаңағы 100 мың, 200 мың теңгем ағымдағы шотта болатын болса, ол маған ешқандай табыс әкелмейтін болса, оны тезірек депозитке салуым керек. Керек уақытында алып, өзімнің күнделікті шығындарымды жабуым керек. Яғни, азаматтардың қаржылық сауаттылығының рөлі жоғары. Яғни, ең басты өзгеріс – пайыздық мөлшерлемені мемлекеттің емес, банктердің белгілеуі болады. Егер тыйым жойылса, ай сайын халыққа қосымша табыс түсіп тұрады. Бірақ, қаржы ұйымдары тұрақты қаржыландыру базасын әлсіретпеу үшін несие ставкаларын ұлғайтады. ---------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также