Алаяқтарға сенбе! Мына видеоны көр!
45 миллиард теңге! Бұл интернет-алаяқтардың мемлекетке былтыр келтірген шығыны! Бір жылда! Олар сізге банк қызметкері, полиция өкілі немесе тіпті танысыңыз болып хабарласады. Олар мың түрленетін құбыжық,өрмекшідей тор құрған трансұлттық қылмыстық жүйе. Бұл подкастта біз нақты фактілермен және түсінікті тілде, сенімді ақпарат көзінен, яғни тікелей маманның, уәкілетті органның шенді қызметкердің өзі айтатын толық ақпарат аламыз. Алаяқтардың қалай жұмыс істейтінін түсінесіз. Олардың қолданатын негізгі тәсілдері қандай? Жалған байланыс орталықтары қалай ұйымдастырылады? Неге жастар мен зейнеткерлер жиі алданады? Ақшаны қайтару неге соншалықты қиын? Сұрақтарға жауап беріп, құнды ақпаратпен бөлісетін қонағымыз – Ішкі істер министрлігі Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Өскембаев Аслан Алданұлы. Қазақстандағы интернет-алаяқтардың нақты схемалары Жалған «банк қызметкерлерінің» қалай сөйлейтіні Желіде адамды алдау үшін қолданылатын психологиялық айла-тәсілдер Мемлекет пен полицияның бұл қылмыспен күресу амалдары Эпизод соңында мамандардың қарапайым, бірақ өте маңызды кеңестері беріледі: Банк қызметкері ешқашан SMS-код сұрамайды «Қауіпсіздік қызметі» телефон арқылы тергеу жүргізбейді Әр кез асықтыру мен қорқыту — алаяқтың белгісі Сіздің жеке мәліметтеріңіз — олардың қолындағы сізге қарсы қаруы. ⚠️ Сақ болыңыз: қауіпсіздік сауаттылықтан басталады.