G
enby!

Әскери қызметшілер БМП-2 жаяу ұрыс машинасынан оқу атыс жаттығуын орындады

Сарыөзек гарнизонында орналасқан 12740 әскери бөлімнің жауынгерлерлік даярлық жоспары аясында, әскери қызметшілер БМП-2 жаяу әскердің жауынгерлік машинасынан бірінші оқу атыс жаттығуын орындады. Негізгі міндет көтерілетін және қозғалатын нысаналарды ату техникасын пысықтау болды. Атысты орындау кезінде нысаналарды ату дәлдігіне баса назар аударылды. Экипаждар 300-ден 1500 метрге дейінгі қашықтықта пайда болған және қозғалатын нысаналарға оқ атты. Сонымен қатар, жауынгерлер оқ-дәрілерді тиеу, БМП-2 жаяу ұрыс машинасын жорық жағдайынан жауынгерлік жағдайға ауыстыру, барлау және нысаналарды анықтау бойынша жаттығуларды орындады. Атыс барысында әскери қызметшілерге тактикалық жағдайға бейімделу, нысананы дәл көздеу және атыс қарқынын сақтай отырып, қауіпсіздік ережелерін қатаң орындау талап етілді. Әскери қызметшілер нысаналарды әртүрлі қашықтықтардан жойып, көздеу және дәл ату дағдыларын көрсетті. Оқу атысына жауапты офицерлер жеке құрамның іс-қимылдарын қадағалап, нәтижелеріне баға берді.

Смотрите также