Алматыда көліктер үшін ақылы аймақтар енгізілуі мүмкін
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Алматыны көк түтіннен қорғау үшін отшашуға тыйым салынып, көліктер үшін ақылы аймақтар енгізілуі мүмкін. Экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті арнайы құжат әзірлеп, қоғамдық талқылауға шығарды. Жаңа ереже енсе, аулада қоқыс өртеп, қала ортасында түтіндетіп шашлык дайындауға тыйым салынады. Бұған халық не дейді? Экологтардың болжамы қандай? Әріптесім Гүлай Әшекова тарқатсын. Жобада қала ішіндегі қозғалыс қарқынын азайту үшін кейбір көшелерді ақылы ету көзделген. Бұл шетелдік тәжірибеден алынған тәсіл десек те болады. Мақсат – жеке көлік санын азайтып, тұрғындарды қоғамдық көлікке көшуге ынталандыру. Ал кей алматылық ақылы аймақ орнату ақылға қонымсыз дейді. Көмірмен жұмыс істейтін кәуапханалар, моншалар мен құрылыс алаңдары да қатаң бақылау алынады. Оларға міндетті түрде шығарындыларды тазарту жүйесін орнату және ластану деңгейін тұрақты түрде өлшеп отыру қажет болады. Сонымен қатар, құрылыс заттарын тасымалдау мен қоқыс пен жапырақты да өртеуге тыйым салынбақ. Жаңа бастама – экологиялық проблемаларды азайтуға бағытталғанымен, керағар тұстары да бар дейді эколог. ЛАУРА МӘЛІКОВА – ЭКОЛОГ: Мақсаты дұрыс болғанымен ертең іс жүзінде мәселелерге алып келуі мүмкін бір тарамақтары бар. Мысалға Алматы қаласына сырттан кіретін автокөліктер ақысын төлеп кіре алады деп көрсетілген. Яғни, бұл экологиялық мақсат емес халықтан ашқы жинау сияқты болып кетеді. Бұл жерде қандай ақы төлесе де кірмейтіндей етіп жасау керек. Сондай-ақ құжатта ауа қатты ластанған кезде кәсіпорындарға шектеулер енгізу мен мектептерді қашықтан оқыту форматына көшіру, балаларға арналған ашық ауадағы іс-шараларға тыйым салу секілді ұсыныстар бар. Айта кетейік, қоғамдық талқылау 20-тамызға дейін жалғасады. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық