Халық жетім : Әкімді танымаймыз
Тараз қаласында «питак» аталып кеткен жерде таңсәріден бері жұмыс іздеген жұрт жиналады. Құрылыста, үй тазалауда, жүк тасуда жалдамалы жұмыс істейтіндердің күнделікті табысы – 5 мың теңгеге әрең жетеді. Бірақ бұл табыс отбасыны асырауға жетпейді. Алда – жаңа оқу жылы. Азық-түлік, киім-кешек, коммуналдық төлемдер мен мектепке дайындық шығындары халықтың белін бүктіріп тұр. Әкімнің кім екенін білмейміз деген Xaqmedia ақпараттық агенттігі Тараздағы шынайы өмірді, қарапайым халықтың жанайқайын назарларыңызға ұсынады. Журналистік зерттеу агенттігі "Xaqmedia.kz"-87774717140 #жамбылоблысы #тараз #прокуратура #сарыағаш #сенат