Үржар ауданындағы жантүршігерлік жол апатынан аулада ойнап жүрген үш бала ажал құшты
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Абай облысындағы трагедия дүйім елді дүр сілкіндірді. Үржар ауданындағы жантүршігерлік жол апатынан аулада алаңсыз ойнап жүрген үш бірдей бала ажал құшты. Марқұмдардың ең кішісі небәрі екі жаста. Ауыр жарақат алған тағы үш жеткіншектің өмірімен қазір дәрігерлер арпалысып жатыр. Көлік тізгінінде болған 55 жастағы жүргізуші қамауға алынған. Полиция тергеуді бастап, қайғылы жағдайдың себеп-салдарын анықтауға кірісті. Толығырақ оқиға орнына арнайы барған өңірдегі әріптесім Динара Ерболқызы айтып берсін. Бестерек ауылы кешелі бері күңіреніп тұр. Қаралы үйге келіп, көңіл айтушылар әлі де толастар емес. Екі бірдей отбасы кішкентай бүлдіршіндерінен айдын күннің аманында айырылды. Марқұмдардың кішісі екіде, үлкені сегіз жаста. Ажал құшқан екі қыз ата-әжесінің үйіне қыдырып келген екен. Олардың ата-аналары есеңгіреп, әлі ес жинай алмай отыр. Жалпы, ұл жағдай қос әулеттен бөлек бүтін елдімекен халқының қабырғасын қайыстырды. ДИНАРА ЕРБОЛҚЫЗЫ, тілші: Қайғылы оқиға дәл осы жерде болған. Куәгерлердің айтуынша, жол жиегінен шығып кеткен көлік үйдің қақпасына соғылып, аулада алаңсыз ойнап жүрген алты баланы басып өткен. Қираған қақпа мен қоршау үйдің алдында жиналмаған күйі жатыр. Көліктің астында қалған балаларды төтеншеліктер арнайы құрылғымен алып шыққан екен. Көршілері келіп, науқастарды мәйітхана мен ауруханаға жеткізуге жәрдемдесіпті. Өкінішке қарай, ауыр жарақат алған бір ұл мен қыз оқиға орнында, тағы бір қыз көлікте жан тапсырған. ЕРБОЛАТ СҮЙГЕНБАЕВ, марқұмдардың туысы: Қақпаның жанында жүрген бір қызды қаққан бірінші. Одан кейін қақпаны қаққан. Қақпаның ішінде балалар отырған. Дөңгелекке екі бала қыстырылып қалған. Дөңгелек пен крылоның ортасына. Погрузчикпен машинаны көтеріп, балаларды алған. МҰРАТ АХМЕТОВ, Бестерек ауылының тұрғыны: Төрт баланы алып кетіпті, сосын екі баланы МЧС-пен шығарып менің машинама салып берді. Содан мен моргқа апардым. Барлық жақындары қабырғалары қайысып уайымдап отыр. Бәріне көңіл айтамын. Бас сүйегі мен аяқ-қолы сынып, ішкі ағзаларына зақым келген 6 мен 9 жас аралығындағы үш баланың екеуін дәрігерлер санавиациямен Астанаға алып кетті. Ал, аудандық ауруханада жатқан қыздың жағдайы өте ауыр дейді ақ халаттылар. Науқасқа президенттің тапсырмасымен елордадан шұғыл жеткен білікті медицина мамандары бірнеше ота жасап та үлгерген. САПАРБЕК СЕЙІТБЕКОВ, дәрігер-нейрохирург: Шамамен әрбір отамыз екі сағатқа жалғасты. Бірінші отамыз ол ішкі ағзаларға байланысты, яғни бауыр, ішек зақымдануына байланысты ішкі ағзаларына қан құйылған. Екіншісі жарақаттан кейін бас ми ісінген. Соған байланысты ота жасалды. Өміріне қатты қауіп төніп тұр деп айтуға болады. Өйткені жарақаттары күрделі, ауыр. Ал, жол апатына себепші болған азамат қамауға алынды. 55 жастағы күдікті осы ауылдың тумасы екен. Ол 20 жыл автобус тізгіндеген тәжірибелі жүргізуші дейді ұлдары. Айтуларынша, көліктің ішінде жұбайы да отырған. Олар әкеміздің аяқ асты жүрек талмасы ұстап, тізгінге ие бола алмай қалды деп отыр. ЕРҚАНАТ СЕРІКҰЛЫ, күдіктінің баласы: Приступ бергеннен кейін рөлге ие бола алмаған. Анам жанында болған. Оқыс жағдай, қас-қағым сәтте болған. Өте қайғылы жағдай болып жатыр. Көңіл айттық. Кешірім сұраймыз. Көңіл айттық. Олар да жағдайға түсіністікпен қарап отыр. Ешкімнің де бұндай сынақпен сыналмасын. Ешкім мұндай күтпейді ғой мұндай жағдайды. Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша жүргізуші есірткі мен ішімдік қолданбаған екен. Қазір полиция қылмыстық іс қозғап, жол апатының себеп-салдарын анықтап жатыр. ---------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық