Енді елімізде жылу ақысы балкон үшін де алынады
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Енді елімізде жылу ақысы балкон үшін де алынады. Яғни, қылтиманың шаршы метріне байланысты ай сайынғы төлемге ақша қосылуы мүмкін. Бірақ Ұлттық экономика министрлігі өкілдерінің айтуынша, бұл тәртіп барлығына бірдей қатысты емес. Тариф есептелгенде балконды қандай мақсатта қолданып отырғанына мән беріледі екен. Сонымен нақты қандай балкон үшін жылу ақысы алынады? Халықтың пікірі қандай? Тақырыпты әріптесім Оразай Нұртайұлы жалғастырсын. ОРАЗАЙ НҰРТАЙҰЛЫ, тілші: Балкон үшін жылуға төлеу-төлемеу мәселесі жалпы үйдегі есептеуіш құралдың болу-болмауына байланысты. Санайтын құрал жоқ, ал балкон қонақ, не ас бөлмеге жалғанса, оның аумағы пәтердің жалпы ауданы ретінде есептеледі. Осылайша оның да шаршы метрі тарифке әсер етеді. Мысалы, пәтердің тұрғылықты аумағы 50 шаршы метр, ал балкон 5 квадрат. Ал жылу ақысы үйдің ауданына қарай есептеледі дерлік. Сіз балконды ортадағы қабырғаны бұзып, бір бөлмеге жалғап қосасыз. Осылайша техникалық құжат бойынша пәтердің ауданы 55 шаршы метр болады. Мұндай өзгерістен кейін жылу тарифі қымбаттайды. АҚТӨРЕ ДИДАРОВ, ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің басқарма басшысы: Балконды мысалы қонақ бөлмесіне қосқан жағдайда онда ол пайдалы ауданға кіреді. Оған төлемақы ескерілетін болады. Есептегіш құрал болса ол нақты қанша қолданды, соған байланысты төлейді. Жылу тарифін есептеуге қатысты тәртіп көбіне ескі үйлерге әсер етеді. Себебі бүгінде жаңа баспаналар есептеуіш құралмен қамтамасыз етілген. Тұрғыны балконды қоссын-қоспасын, бөлмесін кеңейтсін-кеңейтпесін қолданғанына қарай ақысын өтейді. Бұл әділетсіз. Өйткені балкон үйге бәрібір бөлме болмайды. Әр адамның өзінің таңдауы ғой. Мысалы, балконы бар үйлер бар, кейбір ЖК-ларда ескі жоқ. Қазір енді көбінде бар. Әділетсіз деп ойлаймын. Егер жылу қосса, негізі қосса шаршы метрі көбейеді ғой. Сондықтан иә, қосылу керек. Балкон ол тұратын жер емес. Негізі ол аварийный выход болу керек. Егер жылымаса қалай тариф төлейсіз? Егер жылытып жатса төлеуге болады әрине. Кісілердің арасында қосып алғандар бар. Бірақ ол дұрыс емес негізі. Заңға сәйкес, баспанада бір бөлме үлкейіп, екіншісі кішірейген кезде, балкон қосылып, не бөлінсе мүліктің кадастрлық құжаты жаңартылады. Алайда үйді сатқан кезде ескі паспорты да жарай береді. Ол заңды күшін жоғалтпайды. Бірақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, пәтерді ипотека арқылы рәсімдегенде банктер жаңартылған техникалық құжатты талап етеді. ------------------------------------ Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық