Назым – нағыз капитан! Жайнаға қиянат жасалды. Аиданың кезегі үшке дейін – Сербиядағы ӘЧ
Сербияда бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионаты аяқталып, Қазақстан жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Біздің батыр қыздар үш алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған. Бұл – рекордтық көрсеткіш болмаса да, тарихта қалатын ең басты оқиғалардың бірі. «Бірінші болдың» тұрақты резиденттері Аслан Қаженов пен Уәлихан Қосанбай осы әлем чемпионатына барып, оқиға орнынан ақпарат таратты. Бүгін олар біздің подкастта қонақ болып, жарыстың барлық қызығы мен шыжығын айтып берді. Ең өкініштісі – Жайна Шекербековаға жасалған қиянат дейді сарапшылар. Боксшы ширек финалда жергілікті серб қызымен жұдырықтасып, бір бас жоғары өнер көрсетсе де, төрешілер жеңісті қарсыласына беріп жіберген. Сонымен қатар, чемпион атанған Аида Әбікееваның ағасымен болған оқиға да сізге қызық боларына сенімдіміз. Ендеше шығарылымды толық көріп, сіз де өз ойыңызбен бөлісіңіз, пікір қалдырыңыз! Telegram: https://t.me/birgolkz
Сайтымыз: https://1bol.kz/
"Бірінші гол" арнамыз - / @1golkz Подкаст жүргізушілері: Олжас Байбосын - / olzhas_baibosin Уәлихан Қосанбай - / ualikhan_kosanbay Подкаст қонағы: Аслан Қаженов - / kazhenov.aslan #бокс #IBA #біріншібол
Смотрите также
