Жарнамасы нашар үлкен шоу. Батырдың АҚШ-қа жорығы. Төрехан кәсіпқой бокс үшін жаралған
Қазақ боксшылары әуесқой бокста әлемді тоқсаныншы жылдары-ақ мойындатып қойғанымен, кәсіпқой бокс нарығына енді ғана кіре бастады. Марат Мәзімбаев салған жолды Василий Жиров, Геннадий Головкин, Бейбіт Шүменовтер жалғаса, қазір Жәнібек Әлімханұлы, Батыр Жүкембаев, Сұлтан Зауырбек сынды саңлақтар ел намысын Америка мен Еуропада қорғап жүр. «Бірінші болдың» кезекті қонағы болған Батыр Жүкембаев та кәсіпқой бокста қазақтардың саны тым аз екенін айтып отыр. АҚШ-тың Калифорния штатында жаттығу жасап, жекпе-жектер өткізіп жүрген Батыр бірінші орта салмақта өнер көрсетеді. Күні кеше ол Астанада өткен кәсіпқой бокс кешінде британдық Кейн Граднерді жеңді. Батырмен осы жекпе-жегі, Астанада өткен кәсіпқой бокс кеші, АҚШ-тағы қазақ боксшылары туралы әңгімелестік. Сұхбатты соңына дейін көріп, өз ойыңызды жазуды ұмытпаңыз! Telegram: https://t.me/birgolkz
Сайтымыз: https://1bol.kz/
"Бірінші гол" арнамыз - / @1golkz Подкаст жүргізушілері: Олжас Байбосын - / olzhas_baibosin Уәлихан Қосанбай - / ualikhan_kosanbay Подкаст қонағы: Батыр Жүкембаев - / batyr_jukembaev #біріншібол #подкаст #бокс
Смотрите также


