Миссиясы бар адам ешқашан тоқтамайды. Рухани даму мен кәсіпкерлік жайлы | Бақытбай Сабырбек
Бұл подкаст – менің ішкі өсуіме, кәсіби жолыма, тіпті өмірге деген көзқарасыма әсер еткен адаммен шынайы сұхбат. Бүгінгі қонағым – менің алғашқы коучым, менторым, миссия мен жүйелі ойлауды үйреткен ұстазым – Бақытбай Сабырбек мырза. Біз бұл эпизодта: • Миссияны қалай табуға болады? • Неліктен кей адамдар тез жанып кетеді, ал кейбіреулер тұрақты өседі? • Рухани тәрбие мен кәсіпкерлік арасындағы байланыс қандай? • Жан мен жүйе тең жүрмесе, бизнес неге берекесіз болады? • Ұстаз бен шәкірт арасындағы нағыз сенім деген не? Бұл сұхбат – мен үшін алғыс пен құрметтің көрінісі. Ал сіз үшін — мотивация, бағдар және өз миссияңызды табуға себеп болады деп сенемін.