G
enby!

«Енді тумаңызшы!..»: жасөспірім қыздың жанайқайы желіде талқыға түсті | 11.08.2025

Арнаға тіркел / Подпишись на канал:    / @thesevennews   Жүргізуші: Оксана Петерс -   / oksana_peters_tv   ҰШЫНЫП ҚАЛМАҢЫЗ Дайын тағам әзірлейтін жекеменшік орындардағы санитарлық ахуал алаңдатады. Астана тұрғыны осындай жерлердің біріне кездейсоқ бас сұғып, бейнетаспаға түсіріп алған. Ондағы жағдай адам шошырлық. Саланы кім қадағалайды? АТА-АНА ТАЛАБЫ Ашық туберкулезбен ауыратын балалар оқитын мектеп-интернатының қызметкерлері мен ата-аналар шу шығарды. Атыраудағы ғимарат осыдан 3 жыл бұрын күрделі жөндеуге жабылған. Бірақ билік нысанды кері қайтаруға құлықсыз. БАЛА БАҒУ МЕХНАТЫ Көп отбасындағы шаруа, әсіресе бала бағу үйдің үлкеніне жүктеледі. Артынан ерген бауырларын арқалап жүрген бір жасөспірім анасына өкпесін әлеуметтік желі арқылы жеткізді. Жалпы бұғанасы қатпаған балаға осындай міндетті жүктеу қаншалықты дұрыс? ДЖЕЙ ЛО МЕН ШЕГІРТКЕ Алматыда өткен Джей Ло концертіне біраз адам кіре алмаған. Оларға билет сатқандар алаяқ болып шықты. Біздің редакциямызға Астанадағы концертте үш раушан гүлін силаған көрермен сұхбат берді. Ол да алданған. Ал концертте шырылдауық шегіртке әншінің мойнына жармасып, дүйім жұртты дүр сілкіндірді. СЕН ЖЫЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ... Павлодар облысының Железин ауданында тұратын ерлі-зайыпты туған ауылы – Кузьминоны қайта түлетті. Олар қиын жағдайға тап болған әйелдерді қолдауға арналған «Сен жалғыз емессің» әлеуметтік жобасын қолға алды. --------------------------------------------- Официальный сайт «Седьмого канала» https://tv7.kz/ru/
Instagram:   / tv7_kz   TikTok:   / tv7_kz   Facebook:   / tv7kz   Telegram: https://t.me/tv7_kaz
#Жаңалықтар #жаңалықтар2025 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Смотрите также