G
enby!

Әзербайжан мен Армения АҚШ-қа бет бұрды | Сараптама

2014 жылдың сәуір айынан басталған Украина мен Ресей шиеленісі, екі ел арасында 2022 жылдың 24-ақпанынан кең көлемді сипат алған соғыс осымен тоқтай ма? Жалпы қазіргі күні әлемдік ақпарат айдынындағы ең өзекті тақырып осы бейбітшілік мәселесі. Оның отын лаулатып, май құйып маздатып, шоғын үрлеп жүрген негізгі ойыншы Дональд Трамп. Есте болса, жылдың басында президенттік қызметіне ресми кіріскеннен кейін санаулы күнде Украинадағы соғысты тоқтатам деді. Одан кейін 500 млрд долларға мәміле жасайсың, жеріңдегі қазба байлықтарыңды бересің деп Зеленскийге шүйліккені естеріңізде болар Ақ үйде. Одан нәтиже болмады. Сосын өткен айдың ортасында Ресей мен оның сауда серіктестеріне 100 пайыздық тариф енгіземін, Путин қысымға шыдамай өзі келеді алдыма деп дөң мәлімдеме жасады. Ол аз десеңіз, 50 күн уақыт берем деп қазіргі тілмен айтқанда дедлайн белгілеп қойды да ізінше 50 емес, 10 күн уақыт берем деді. Ол 10 күн кеше аяқталды. Әлгі Ресейдің сауда серіктестеріне 100 пайыздық тариф белгілеймін деген уәдесін енді орындай ма? Сауда серіктестері деген түсінікті болуы үшін айта кетейін, Ресейдің мұнайын сатып алып отырған Қытай мен Үндістан. Оларды шеңгелдеуге шама бар ма Құрама штаттарында? Әзербайжан мен Арменияны бітістірген Вашингтон енді Киев пен Мәскеуді қалай табыстырады? Осы сұрақтарға жауап іздеп керейік. #БілгенДұрыс #Ресей #Украина #Жаңалықтар #Геосаясат #Саясат #АҚШ #ДональдТрамп

Смотрите также