G
enby!

Әкім болу қанша тұрады? Уаһабилер қап-қап ақшаны үйлеріне жасырып отыр... - Мұрат Әбенов

Adal Adam YouTube арнасының кезекті кейіпкері - Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов. Ол сұхбат барысында банк жүйесінің былығы, банк қызметкерлері мен алаяқтарға алданған халықтың көз жасы, депутат, әкім болудың “ставкасы”, медицина саласындағы фарммафияның әлімжеттік әрекеттері турлы ой-пікірлерін, дәлелдерін ашып айтты. Сонымен қатар өзін популист депутаттардың қатарына қосатыны-қоспайтыны жайлы пікірін білдірді. Сұхбатта осы және басқа да тақырыптар қаузалды. #мұратәбенов #несие #алаяқтар #мәдинаәбәлқасымова #бақытжанбазарбек Видеоны тайм-код арқылы көру 00:00 Тизер 02:01 Таныстыру 02:22 Банктер мемлекеттен алатын қарызды өсімсіз алады, ал халыққа өсіммен береді. Неге? 04:21 Жомарт Ертаев мемлекетке қарыз бола тұра, неге түрмеден мерзімінен бұрын шықты? 06:30 Заңдар банктердің ыңғайына қарай жазылған 07:56 Банктен несие алатын қарапайым адамдардың құқығы қорғалмаған 09:56 Банк қызметкерлері мен алаяқтар сыбайласып, халықты қалай алдап жатыр? 13:46 Ұлттық банктың антифрод орталығының жұмысы әлсіз 14:51 Биометрия... 16:07 Қарапайым адамдар банктерді емес, өздерін кінәлайды 18:44 Алаяқтар банк қызметкерлеріне әр несиеден 2 пайыз беріп отыр 21:05 Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банкте алаяқтардың сыбайластары отырған сияқты 23:05 Биометрия жасауда әлі күнге дейін тәртіп жоқ 24:10 Азаматтар, бірде-бір суретіңіз банктерде болмау керек 25:01 Қайтыс адамға несие берген 27:56 «Тек қана Мәдина Әбілқасымова, Тимур Сүлейменов кінәлі деп айту керек» 29:07 Бірде-бір несие антифродқа жүгінбей берілмеу керек 30:10 Кредитін төлей алмай, ауру болған, шаңырағы шайқалған отбасылардың, адамдардың обалы кімге? 31:10 Адамның сыртынан алаяқ несие рәсімдесе, жәбірленуші банк болу керек 33:02 Алаяқтарға алданған адамдардың несиесін қайтардық, оны банктер еш жерде айтпайды 33:32 Халық банк атауын өзгерту керек пе? 35:10 Парламентте бұрын шектеулер болды, қазір... 37:15 Салафиттер ақшаларын үйлерінде ұстайды. Неге? 41:18 Халық өзіне лайық басшыны таңдай ма? 44:59 Бір палаталы парламент туралы 47:24 Ықпалды Парламент дегенде Бақытжан Базарбекті айтамын 48:38 Бұрынғы депутаттар қалай іріктелді? 51:16 Қырғызстанда депутаттық мандат 1 млн долларға дейін сатылған. Ал Қазақстанда ше? 56:00 Әкім болудың ставкасы қандай? 58:30 Марат Ахметжанов туралы 1:00:12 Қызылорда туралы 1:00:43 Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев туралы 1:04:52 Республикалық бюджеттен бір облысқа аз, екінші бір облысқа көп бөлінеді. Бұл алалау ма? 1:10:16 Блогер, коуч, әншілердің алаяқтығы туралы 1:16:32 Ақмарал Әлназарова, фарммафия, МӘМС, Бақытжан Базарбек туралы 1:20:28 Мұрат Әбенов популист депутат па? 1:26:48 Мұрат Әбенов депутат ретінде не бітірді? Оқырмандар оның қызметіне қандай баға береді? 1:27:55 Мұрат Әбенов адал адам ба?

Смотрите также