ҚАЗАҚТЫҢ САНАСЫН ЖҰЛДЫЗДАР БАСҚАРЫП ОТЫР | ӨЗЕКТІ
Ерке Есмахан бала күтушілеріне бағалы сыйлық берді. Дәурен Айдарқұлов көпшілікке үйленгенін хабарлады. Ақпараттық сайттарды ашсаң осындай жаңалық самсап тұрады. Бұған қарап апыр-ай сонда біздің елде жазатын басқа мәселе жоқ па деген ой келеді. Жұрт неге әнші, блогердің жүріс-тұрысын, ішкен-жегенін қалт жібермей қарап, бір бірімен таласып талқылап жатады? Рейтинг қуалаймыз деп халықтың оның ішінде жас ұрпақтың санасын улап жатқан жоқ па? Жалпы осы танымал тұлғаларды билік керек кезінде өз пайдасына қолданып, жұрт назарын басқа жаққа бұрып отыра ма? Бүгінгі талқымыз осы! #білгендұрыс #жаңалықтар #Қазақстан