Қазақ халқы әлі де СССР заманында өмір сүріп жатыр
"Қазақ халқы әлі де СССР заманында өмір сүріп жатыр...» Шетел қазағының атамекенге келуіне не кедергі, олардың шетте дамуына қандай жағдай жасалған? Заманға сай ел мәдениетінің дамуы қалай болуы керек? Сырттан қарағандағы Қазақстанның келбеті қандай? Бүгінгі ақжарма сұхбаттың қонақтары – Данияда тұратын, шетел қазақтарының ішіндегі белсенді азамат Қажы Акбар Аюби мен Моңғолияда тұратын қазақ ғалымы Ерболат Баят осы тұрғыдағы өз ой-тұжырымдарымен бөліседі. Қайтсе, елдің көсегесі көгереді, дамудың қандай бағытына иек артқан дұрыс – сұхбатта қандастар осы мәселелерге тоқталады. Олар өздері шыққан орта мен бүгінгі Қазақстан арасындағы байланыс жайында да әңгімелейді. #шет ел қазақтары #қазақ диаспорасы #моңғол қазағы #Дания қазақ қауымдастығы #Қажы Акбар Аюби #Ерболат Баятұлы #қазақ мәдениеті #даму #Қазақстанның болашағы #Моңғолия қазақтары #Ауған қазақтары #Дания қазақтары #Еуропа