G
enby!

Қазақ диетасы бедеулікті де емдейді. -100 кг салмақтан арылту бізге мәселе емес - Мөлдір Мұстафаева

Adal Adam YouTube арнасының бүгінгі қонағы — «Қазақ диетасы» жобасының негізін қалаушы Мөлдір Мұстафаева. Ол ашығу мен дұрыс тамақтану тәртібі арқылы артық салмақтан арылуға және денсаулықты жақсартуға көмектеседі. 2022 жылы ол «Қазақ диетасы» ұғымын енгізді. Оның басты ерекшелігі – ұлттық тағамдарды сақтай отырып, ағзаны табиғи жолмен тазарту. Яғни Мұстафаева ет, қазы-қарталардан толық бас тартудың қажеті жоқ дейді, бастысы, тамақтану тәртібін сақтау керек. Ол ашыққан кезде ағза өз-өзін тазартып, артық майды, ісікті, қажетсіз заттарды жояды деген тұжырымға келген. Өзінің тәжірибесін қолдана отырып, бедеулік сияқты ауыр сынақтарды жеңгенін жеткізді. Тіпті онкологиялық ауруларға шалдыққан жандар сауығып шыққанын айтады. Қазіргі таңда Мөлдірдің өз орталығы бар. Онда адамдарға офлайн, онлайн кеңестер береді. #ҚазақДиетасы #Диета #Денсаулық #айтымжакупов #МөлдірМұстафаева Видеоны тайм-код арқылы көру 00:00 Тизер 02:07 Таныстыру 02:31 Қазақ диетасының артықшылығы неде? 06:48 Неге «қазақ диетасы» деп аталды? 09:07 Еуропалық диетаның қазақтарға пайдасы бар ма? 11:43 «Бізде диетаның хаттамасы әр адамның денсаулығы мен қимыл-қозғалысына сай жасалады» 13:17 Алтынай Жорабаеваның «Қазақ диетасына» қатысы қандай? 15:15 Ашығудың жолдары немесе отпен ойнап жүрген әнші-блогерлер 19:20 «Біз емдеген адамдардың терісі бөпенікіндей болады» 21:03 Диетаға отырар алдында қандай анализдер тапсыру керек? 25:17 Адамның азғасы сөйлейді 27:28 Түнгі ұйқының құдіреті 30:15 Қазақ диетасы онкологиялық ауруларды емдей ала ма? 34:19 Онкология ауруы қандай жағдайда пайда болады? 36:11 Біздің қоғам қалай көңіл сұрауды да білмейді 39:37 Босанған әйелдер диета ұстай ала ма? 43:15 Жасөспірімдерге диета ұстауға бола ма? 44:00 Спортпен айналыспай арықтауға бола ма? 45:44 БАД, дәрі-дәрмек арқылы арықтау дұрыс па? 50:58 Қазақ диетасы кедейге де, байға да тиімді 54:56 Қазақ еттен бас тартпау керек 55:20 Тез арықтау денсаулыққа зиян емес пе? 58:11 Елу-жүз келі салмақтан арылып жатқандардың терісі салбырап қалады. Оны ота арқылы алып тастау дұрыс па? 1:01:28 Айтым Жақыповтың жобасы туралы 1:04:11 Арықтататын дәрі-дәрмектердің түк пайдасы жоқ 1:04:28 Арықтауға мотивация керек пе? 1:06:09 Адам өмір бойы диета ұстау керек пе? 1:07:03 Қазақ диетасының көмегіне қалай жүгінуге болады? 1:10:09 Көп тәжірибені өз басымнан өткіздім, бедеуліктен өз тәсілім арқылы жазылдым 1:11:10 Қазақ диетасы қанша салмақтан арылта алады? 1:12:12 Кез келген адам алдыма келсін, сөзімді ісіммен дәлелдеп беремін 1:12:57 Біздің ісіміз медицинаға қайшы емес, керісінше көмекшіміз

Смотрите также