G
enby!

Түркістан облысында 15 жастағы қыз әскери қызметкерден жүкті болып қалған

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Түркістан облысында 16 жасында ана атанған қыз әділдікке қол жеткізе алмай жүр. Құрсағындағы сәбиін жақында босанған бойжеткен жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген әскери қызметкер тиісті жазасын алсын деп отыр. Ол тергеу созбалаңға салынып, азғындық жасаған 23 жастағы жігіттің бостандықта жүргеніне наразы. Сұмдық оқиғаны жәбірленушінің өзі толығымен айтып берді. Небәрі 16 жасында ана атаған Түркістан облысының тұрғыны әскери қызметкермен былтыр көктемде таныстым дейді. Сөзіне сенсек, әуелі әлеуметтік желіде сөйлескен екеу кейін кездесіп, соңында ер адам пәтерге ертіп апарған. Содан сұмдықтың бәрі басталды деп отыр. ЖӘБІРЛЕНУШІ: Күшпен жыныстық қатынас болды. Ешкімге айтпа. Жұмыстан шығарып жібереді. Мен органда істейтін адаммын білесің деп. 15 жасымда көтеремін. Больницаға учетқа тұруға барған кезде РУВД-ны шақырды. Тергеуші айтты дело ашылады деп. Ал, жігіттің жақындары жағдайды ушықтырмауға көндіріп, қызды сырға салып алып кеткен көрінеді. Бірақ бойжеткен бала көтеріп, қылмыстық іс қозғалған. Осылайша, жүкті қыз үйіне кері қайтыпты. Жәбірленуші тарап арымды таптап, масқара қылған 23 жастағы жігіттің жазаланғанын қалайды. Алайда тергеу созбалаңға салынып, бес айдан бері жылжымады деп ашынады. ЖӘБІРЛЕНУШІ: 5 айдан бері ештеңе істеп жатқан жоқ қой ешқандай жер. Бәрі қысқартып тастап ше. Табылады, табылады деп тергеушлер. Жетісайдан шықпаған дейді баланы. Жетісай алақандай жер ғой. Тауып алса жеті атасымен тауып алады ғой. Іздеп жатырмыз дейді болды тек. Кәмелет жасына толмаған қыз бір ай бұрын босаныпты. Қазір кішкентай сәбиін әкесіз өзі бағып отыр. Ал, полиция тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді. Өзге ақпаратты жария етпеді. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ: «Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның қорытындысымен процессуалдық шешім қабылданатын болады. Психологиялық соққы алған жасөспірім көшеге шығудан қалдым деп жыларман болды. Қатты қиналдым деген қыз өз өзіне қол жұмсауға тырысқанын да жеткізді. Алайда туыстары дер кезінде араша түскен екен. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также