Таскескен. Жер бетінен жойылайын деп тұрған тарих
Абай облысы Үржар ауданы Таскескен ауылының тарихында ерекше орын алатын мазар көп емес. Алайда олардың барлық бесеуіне қоғам назары жетпей отыр. Бес мазардың екеуі құлап қалған, үшеуі қирауға жақын қалды. Қауіп төніп тұрған мазардың бірі – «Алаш» қайраткері Балтабек қажының мазары. Бұл мазар – саз кірпіштен салынған Қазақстан бойынша ең биік мазар. «Қабдеш бекеті» деген қорымға бастау берген Рәйіп қажының мазары да төбесі ойылып, құлауға жақын қалды. Қоғам ынтасы мен жігері жетсе, бұл мазарларды сақтап қалу қиын емес.
Смотрите также
