G
enby!

Омбы: 600 қазақ ауылдан 40 ғана қалды || Қоянбай ауылы ||

Омбы қазақтары: Омбыда кезінде 600-ден астам қазақ ауылдары болған, қазір олардың саны небәрі 40 ғана. Қазақтар ертеде Ертіс жағасын жайлай көшіп , малға қолайлы қоныстарда отырған екен. XV ғасырдың ортасында Әбілқайырдың саясатына наразы болған Жәнібек пен Керей ауылдарын алып Сырдария жағалауынан шығысқа қарай қоныс аударады. Осылайша Қазақ хандығы құрылғаннан бастап, Омбы өңірі, Ертіс бойында керейлер еркін көшіп -қона бастайды. Кейін 17-18 ғасырларда қазіргі Омбы облысының жерінде қазақтардың көшіп жүргендігі туралы орыс зерттеушілері көп жазады. Ал, жер-су атаулары сол кездегі дәстүрмен ру немесе танымал адамдардың атымен аталған. Қазірге дейін көбісі сақталған. Бұл фильмде сондай жерлердің бірі, Омбыдан 60 шақырым жердегі Қоянбай ауылының тұрғындары түсірілген. Жолда Бибатыр , Дәрігер сияқты қазақ зираттарына кіріп шықтық. Дәрігер ауылы түбірімен орныннан жоғалып кеткен. Ал Омбыдан небәрі 60 шақырым жердегі Қоянбай ауылы 3-4 ауылдың қосындысы. Ол ауылдарда жастар қалаға кетіп ауыл адамдары азайған соң осы ауылға қосқан екен. Мені осы жерлерге арнайы апарған Омбы қазақтары Азамат мырза мен Анасы Ботагөз апайға ал,ысым шексіз. Ал, Қамбати Абдрахманов ағамызбен сұхбат барысында еш аңғармаған бір жайт болды. Ағаның көзі мүлде көрмейді екен, бірақ мен сұрақ қойғанда өзіме қарап әңгімелесіп сөйлесіп отырған соң мүлде аңғармадым. Тек сыртқа шыққан соң мені осы ауылмен таныстырып жүрген Азамат пен Ботагөз апай айтты. Қатты таңғалдым.

Смотрите также