Алматы облысында өндіріс ортасындағы тұрғын үй құрылысы заңсыз ба?
Алматы облысында зауыттар мен ауыр өндіріс ошақтарының ортасында көпқабатты үй бой көтеріп жатыр. Өтеген батыр ауылының тұрғындары бұл жағдайға алаңдаулы. Олар құрылыс санитарлық талаптарға сай келмейді деп дабыл қағуда. Зауыттардың қақ ортасындағы тұрғын үй заңсыз ба? Ендеше, ел-жұрттың талап-арызы неге тыңдалмай келеді? Бүгін бас көтерген бір топ азаматты осы сауал мазалайды. Толығырақ тілшіміз Айгерім Есімхан баяндайды.