Биыл үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес шаралары 2,7 млн га алаңда жүргізілді
Биыл республика аумағында үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес шаралары 2,7 млн га алаңда жүргізілді. Қазір еліміздің барлық өңірінде өңдеу жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 400 мың гектарға төмен деді бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Саят Сақмолдин.